БАТЫС ШАҒЫН АУДАНЫ ТАБИҒИ ГАЗБЕН ҚАМТЫЛДЫ
Қала әкімі шаһар аумағындағы инженерлік инфрақұрылымдардың жұмыс барысын тексерді.
Абай ауданына қарасты Батыс шағын ауданында инженерлік инфрақұрылым жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Елді мекен 2021 жылғы жұмыстар нәтижесінде толық ауыз сумен қамтылған.
Қазіргі уақытта тұрғындарды сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету мақсатында мердігер мекеме тарапынан біршама жұмыстар атқарылуда. Жобаның техникалық сипаттамасына сәйкес жалпы жұмыс көлемінің 55 %-ы аяқталған. 2023 жылы құрылыс жұмыстарын толық аяқтап, пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.
– Елді мекенде жалпы ұзындығы 37 шақырым болатын газ құбыры тартылып, табиғи газбен қамту жұмыстары 100 %-ға аяқталған. Бүгінгі таңда тұрғын үйлердің газ тарту дайындығын тексеру жұмыстары жүргізілуде,-деді басқарма басшысы Б.Булатбеков
Шаһар басшысы сала мамандарына жобаны сапалы әрі уақытылы аяқтауды тапсырды.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі