Берешекті өндіріп алу атқарушылық жазба арқылы жүргізіледі

ҚР «Нотариат туралы» Заңының 92-1-бабына сәйкес борышкерден ақшаны өндіріп алу немесе өзге де жылжымалы мүлікті талап ету үшін нотариус берешекті белгілейтін құжатта атқарушылық жазба жасайды немесе тиісті қаулы береді.

Атқарушылық жазба қаулы негізінде берешекті өндіріп алу жүргізіледі:

1) нотариат куәландырған мәмілеге негізделген міндеттемені орындау туралы;

2)орындау мерзімі басталған және міндеттеменің орындалмауын борышкер мойындаған, жазбаша мәмілеге негізделген міндеттемені орындау туралы;

3) нотариус жасаған, төлем жасалмауына, акцептінің болмауына және акцепт күнінің белгіленбеуіне вексель наразылығына негізделген міндеттемені орындау туралы;

4) лизинг шартына немесе ҚР заңдарына сәйкес лизинг нысанасын талап ету туралы;

5) ломбард кепіл беруші борышкерге қойған, кредитті қайтару мерзімі өткен соң кепіл нысанасына өндіріп алуды қолдану туралы;

6) “Тұрғын үй қатынастары туралы” ҚР Заңында бекітілген кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған міндетті шығыстарға қатысудан жалтаратын үй-жайлар меншік иелерінен берешекті өндіріп алу туралы;

7) төлеу мерзімі басталған, жария (электрмен, газбен, жылумен, сумен жабдықтау және басқалары) үшін, белгіленген тарифтерге сәйкес көрсетілетін қызметтер үшін берешекті өндіріп алу туралы;

8) жалдау төлемдерін белгіленген мерзімдерде төленбеуіне байланысты өндіріп алу туралы;

9) жұмыскерге есепке жазылған, бірақ төленбеген жалақы мен өзге де төлемдерді өндіріп алу туралы.

Атқарушылық жазба жасағаннан кейін нотариус келесі жұмыс күнінен кешіктірмей борышкерге олардың көшірмесін табыс етеді, электрондық поштамен мекенжайы тіркелген жері бойынша жібереді.

Борышкер атқарушылық жазбаның көшірмесін алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде нотариусқа хабарламасы бар мәлімделген талапқа қарсы қарсылығын жазбаша түрде жіберуге құқылы.

Нотариус мәлімделген талапқа қарсы қарсылықты алған күннен бастап үш күнде қаулының күшін жою туралы қаулы шығарады.

Атқарушылық қаулының күшін жою туралы қаулы дау айтуға жатпайды.

Атқарушылық жазбаның күшін жою туралы қаулының көшірмесі келесі жұмыс күнінен кешіктірілмей осы Заңның 92-6-бабына сәйкес өндіріп алушыға, борышкерге жіберілуге тиіс.

Атқарушылық жазба борышкердің қарсылығы бойынша нотариустың қаулысымен күшін жоймаса, оларға дау айту сот тәртібімен жүзеге асырылады.

Гульмира Мекембайқызы,

Арыс аудандық сотының судьясы

 

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.