Безеулі бетке арналған күнделікті тазартқыш лосьон
Бізге бұл лосьонды дайындау үшін 40 г лавр жапырағы мен шыны ыдыс керек болады. Мөлшерлеп алған лавр жапырағын шағын кәстрөлге салып, үстіне 250 г қайнаған су құйыңыз да, 5-7 минут баяу отта қайнатыңыз. Сосын жапырақтарын сүзіп алып, суды суытыңыз. Сосын шыны ыдысқа құйып, тоңазытқышқа салып қойыңыз. Осы сумен алдын-ала тазалап жуылған бетті күніне 4-5 реттен сүртіп тұрса, бет терісі тазарып, жасушалары жаңарады.