БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ БАСШЫЛАРЫНА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ЖАҢАШЫЛДЫҚТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

Білім беру саласы — ел дамуында айрықша рөлге ие болғандықтан, Кентау қаласындағы сапары барысында Департамент басшысының бірінші орынбасары Нұрдәулет Сәмет оқу орындарының басшыларымен кездесті.

Қалалық білім бөлімінің басшылары мен қызметкерлері және мектеп, колледж директорлары қатысқан шарада Нұрдәулет Ильясұлы 2021 жылы Департаментпен тіркелген сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарының білім беру саласына қатысты бөлігіне тоқталып, өскелең жастың ертеңін қалыптастыратын білім беру саласында жемқорлық әрекеттерінің туындауына жол бермеу қажеттігін атап өтті.

Бұған қоса, 2022-2026 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасында айқындалған негізгі аспектілерге тоқталып, өзгерістер мен жаңашылдықтар бойынша ақпарат берді.

Нұрдәулет Сәмет сөзінің соңын «Білім беру саласы қашанда маңызды бағыттардың бірі болып келеді және Сіздер болашақ ұрпағымыздың тәрбиесімен айналысатын, қоғамның діңгегін қалыптастыратын, баршаға үлгі боларлық Жарқын тұлғасыздар, сондықтан елге адал қызмет етуге шақырамын», — деп қорытындылады.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.