«Bir Tolqynda» чемпиондар жастармен жүздесті

Бүгін Шымкент қаласының Азаматтық Альянсы қауымдастығының коворкинг орталығында «Bir Tolqynda» ашық диалог алаңы аясында «Жаңа Қазақстан және әлемдегі қазіргі геосаяси жағдай» талқылау отырысы өтті. Кездесугдің спикерлері — бокстан әлем чемпионы, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері Ділдабеков Мұхтархан Қабыланбекұлы, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, жауынгерлік самбодан үш дүркін әлем чемпионы Оспанов Арман Арипханұлы, Әлем чемпионаттарының екі дүркін күміс жүлдегері, Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Жаппарқұл Жазира Әбдірахманқызы, «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар рухы» Жастар қанаты Шымкент қалалық филиалының төрағасы Жүнісбек Ердаулет Асқарұлы.
-Қоғамдағы оң өзгерістердің басты қозғаушы күші – жастар. Алдағы Президент сайлауы – еліміздің ертеңіне ықпал ететін маңызды науқан. Әрбір азаматымыз – біртұтас Қазақстан халқының ажырамас бөлшегі. Отанымыздың болашағы – сіздердің қолдарыңызда, — деді өз сөзінде М.Қабыланбекұлы.
Қазіргі таңда Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жастардың өсіп-өркендеуі үшін бәріне бірдей әлеуметтік-экономикалық мүмкіндіктер ұсынып отыр. Кешегі күні «Жастар рухы» Жастар қанатының белсенділерімен кездескенде айтқан сөзінде жастар саясатын түбегейлі қайта қарап, «Жастар үшін» деген қағидаттың орнын «Жастармен бірге» деген қағидаттың басатындығын жеткізді.
Ең басты байлығымыз – Тәуелсіздігімізді сақтап, ұрпаққа мирас ету бүгінгі буынның қасиетті парызы. Осы жауапты сәтте әрқайсымыз өз тарихи таңдауымызды жасауымыз керек. Бұл – ел тағдырына ықпал ететін маңызды қадам. Жиын соңында спикерлер жастарды алдағы сайлауға белсенді қатысуға шақырды.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.