Бірнеше аймақта ескерту жарияланды — Қазгидромет
Еліміздің бірнеше аймағында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Baq.kz.
29-30 сәуірде ауа температурасы түнде 0-5 жылы, кей жерлерде 3 градус аязға дейін, күндіз 9-14, кей жерлерде 6 градус жылыға дейін төмендейді.
28 сәуірде Оңтүстік Қазақстан облысының таулы жерлерінде қатты жауын-шашын болады деп болжануда. Кей жерлерде найзағай жарқылдап, бұршақ болуы ықтимал, солтүстік-батыстан соққан жел 15-20 м/с күшейеді. Түнде 28-30 сәуірде топырақтың бетінде 2 градус үсік жүруі мүмкін.
28 сәуір — 1 мамыр аралығында Алматы облысында жаңбыр жауады, кей жерлерде жауын-шашын мөлшері көп түседі.
30 сәуір– 1 мамыр аралығында тау және тау бөктерлі аудандарда жаңбырдың арты сулы қарға айналады. Кей жерлерде найзағай, бұршақ болуы мүмкін, батыстан соққан жел 18-23 м/с күшейеді.
30 сәуір- 1 мамыр күндері ауа температурасы түнде 1-6 градус жылы, кей жерлерде 2 градус аязға дейін, күндіз 11-16 градус жылыға дейін төмендеуі мүмкін.