Біздің билік Елбасын алдағысы келеді ме?
Күні кеше Елбасының алдында сөз алған, көп балалы ана Жазира Тұрғынованы басшылық қалың жұртшылыққа қалай көрсетті? Төрт құбыласы тең, уайым-қайғысыз, молшылықта күнелтіп жатқан отбасы секілді, Президенттің алдына шығарды. Ал шын мәнінде жолдасының тұрақты жұмысы жоқтығы, жеті баламен жалдамалы пәтерде өлместің күнін кешіп жатқандығы, шетке ысырылды. Былтыр ғана БАҚ өкілдері арқылы баспана сұрап, көмекке зәру екенін жеткізгендігі билік басындағылардың екінші планына айналды. Тексеріс келеді десе, бар жақсыны жинап, оң баға алатын басшылық бұл жолы да дәл солай құтылып кетеміз деп ойлады-ау, шамасы. Сонда, бұл азаматтар Елбасын алдап отырғаны ма? Еліміздегі осындай көзбояушылықтар мен жалған мәліметтерге тосқауыл болар күн қашан жетеді? Санға емес, сапаға жұмыс жасайтын күн қашан туады біздің елде?