Бүгін елімізде ерекше күн.
Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен 5 маусым Рефрендум күні боп бекітілген. Шымкент қаласының тұрғындары Мемлекет басшысының бастамасын қолдап Ата Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге өз таңдауларын жасауда. Референдум учаскелерінде таңдау жасаушылар қарасы көбейуде. солардың бірі 82 жастағы қала тұрғыны Қарсыбаев Кәрім ақсақал. Кәрім ақсақал бүгінгі саяси науқанда жұбайы Анаркүл апа, ұлы Әділхан және келіні Салтанатпен бірге таңдауларын жасады.