БҮГІНГІ ТАҢДАУ БОЛАШАҒЫМЫЗДЫ АЙҚЫНДАЙДЫ

Ел тарихындағы елеулі оқиғаға бей-жай қарамай белсенді қатысу – әрбір азаматтың басты борышы. Себебі бұл – бүгінгі Қазақстанның ғана емес, келешек ұрпақтың тағдырына тікелей әсер ететін маңызды сәт екенін естен шығармауымыз керек. Болашағымызды айқындайтын бүгінгі ата заңымызға енетін өзгерістер тікелей халықтың қолдауымен, қоғаммен санасу арқылы жүзеге асырылып жатыр. Еліміз үшін күрделі кезеңде, күн тәртібінде өзекті мәселелердің көбейген шағында Президент сөзден іске көшіп, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын алға қоя отырып, осындай маңызды шешім қабылдады.

Бүгінгі таңда еліміз үлкен өзгерістер алдында тұр. Еліміздің болашаққа өзгерісі осы референдумға тікелей байланысты болмақ. Статистикалық мәліметтерге келетін болсақ, дәл қазіргі уақытқа Шымкент қаласы бойынша 44,61 пайыз қала тұрғындары дауыс берді. Бұл үшінші шаһар тұрғындарының жауапкершілігі мен Президенттің бастамасын қолдайтынын білдірсе керек. Бұл өте қуантарлық жағдай.

Мен елімнің, отбасымның әділетті қоғамда өмір сүруі, ұрпағымның болашағы үшін дауыс бердім.

Мұратәлі Қалмұратов, , «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы Атқарушы хатшының орынбасары

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.