Дархан Мыңбай, Мәжіліс депутаты: Бұл не үшін қажет?

БАҚ-тың хабарлауынша, қазіргі уақытта сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жүргізуші куәліктерін заңсыз беру фактілері бойынша қылмыстық істерді тергеу үстінде. Олардың саны да кісі шошытады – 2,5 мыңнан астам заңсыз берілген жүргізуші куәлігі. Бұл тек Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ғана. Мұндай қылмыстар Қазақстанның басқа өңірлерінде де анықталды. Бұл біздің еліміздің ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндіруі ықтимал. Өйткені адамдар мерт болып, материалдық шығындар келтірілуде. Бәрінің де статистикасы белгілі.

Жол қозғалысы ережелерінде осындай күрделі нормалар өте көп. Бұл не үшін қажет? Өмір көрсетіп отырғандай, автобустардың қатысуымен болған апаттар, өкінішке қарай, жиі кездеседі. Адамдарды жаппай тасымалдау арқылы көп ақша табуға деген құштарлық кейбір азаматтарды талап етілетін «D» санатындағы жүргізуші куәлігін күмәнді әдістермен алуға итермелейді. Бұл талап етілетін еңбек өтілін жасанды түрде арттыру, құжаттарды бұрмалау, ауруларды жасыру және т.б. Осыған байланысты бұл санаттағы емтихандарды тапсыруға үміткерлерді іріктеуді, бәлкім, қатаңдату қажет шығар.

jasqazaq.kz

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.