ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТТАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарымен кездесті. Атап айтсақ, Ұласбек Сәдібеков, Темір Қырықбаев және Ерлан Абдиевпен жүздесіп, облыстың,елдің дамуы жөнінде пікір алмасты.
Депутаттар заң шығарушы орган тарапынан атқарылған жұмыстарға тоқталып, бірқатар маңызды құжаттар қабылданғанын атап өтті. Бұл ретте Түркістан облысы тұрғындарының өтініштеріне сәйкес депутаттық сауалдар жолданып, мәселелер көтерілгеніне де тоқталды.
Облыс әкімі ел мүддесі жолында бірлесе жұмыс атқарыла беретінін, Түркістан өңірінде өндіріс орындарын ашу, инвестиция тартуға басымдық беріліп жатқанын жеткізді.
Аталған депутаттар бірнеше аудан, қалада халықпен кездесу өткізіп, өтініштері мен арыз-шағымдарын тыңдауды жоспарлап отыр.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі