ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ТҮРКІСТАНДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС АЛАҢДАРЫН АРАЛАДЫ

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды облыс орталығындағы құрылыс алаңдарын аралап, мердігерлермен кездесті. Өңір басшысы құрылысы жүріп жатқан бірқатар нысандарды аралады.
Сондай-ақ Дархан Сатыбалды бастаған топ облыс орталығындағы спорт нысандарының құрылыс барысын пысықтады.
Түркістан тарихында тұңғыш рет қысқы спортпен кәсіби түрде айналысуға мүмкіндік жасалады. Шаһарда мұз сарайының құрылысы қызу жүргізілуде. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, Түркістан облысында бұқаралық спортты дамытуға және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында жүйелі жұмыстар атқарылып жатыр. «Мұз сарайы» 1200 көрерменге арналған.
Елімізде мұндай аренаның баламасы жоқ. Қазіргі таңда мұз айдынының ішкі әрлеу жұмыстары жүргізіліп, мұз айдынына қажетті құрал-жабдықтардың 90%-ы жеткізілген. 30×60 метр көлеміндегі мұз айдынында шайбалы хоккей, мәнерлеп сырғанау, балалар арасында шорт-трек сайыстарын тамашалауға мүмкіндік бар. «Мұз сарайына» қажетті негізгі жабдықтар италиялық Itema компаниясынан, мұз төсегіш машина Канададан жеткізіліп жатыр. Трансформациялық борттар Финляндияда жасалған. Оның ерекшелігі – мәнерлеп сырғанау мен хоккей алаңдарын озық технология бойынша өзгертуге болады. Яғни, қорғау борттары автоматты түрде жылжып тұрады. Осының арқасында бірнеше спорт түрі бойынша «Мұз сарайын» тиімді пайдалануға болады.
Түркістан өңірінде салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бүгінде облыс орталығында заман талабына сай «Olympic Center» спорт кешені халыққа қызмет көрсетуде. Былтыр теңдесі жоқ теннис орталығы ашылды. Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешенінің қайта құру жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ Түркістанда олимпиадалық үлгідегі ескек есу каналы бағытындағы спорт кешені салынды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.