Даяшысыз дәмхана

Германияның Нюрнберг қаласында әлемдегі тұңғыш автоматтандырылған дәмхана ашылды. Мұнда келушілерге даяшылар қызмет көрсетпейді, тапсырыс берген тағамдарыңыз алдыңызға өзі келеді.  

Бұл идеяның авторы – Нюрнберг тұрғыны Майкл Макк ең алдымен ақша үнемдеуді мақсат еткен. Әрі келушілерге де ыңғайлы. Дәмханада арнайы магниттік картаның көмегімен үстел басындағы терминал дисплейінде көрсетілген тағамдардың біріне тапсырыс беріп, сол жерде есеп айырысасыз. Ал тапсырысыңыз келгенше сол терминал арқылы электронды поштаңызды қарап, хат жолдай аласыз. Тұрақты клиенттер айына бір рет есеп айырысуына да болады.

Дәмхананың тек асханасында ғана «тірі адамдар» жұмыс істейді. Өйткені, клиент тарту үшін тағам дәмді болуы керек. Ал дәмді тағамды аспаз ғана дайындай алады. Алайда Майкл болашақта аспаздарды да машинамен алмастыруды ойға алып жүр.

 

 

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.