Деструктивті діни ағымдардың жетегінен сақтанайық
Елімізде теологтар мен дінтанушылар тарапынан деструктивті ағым өкілдерін дәстүрлі Исламға қайтару ғылыми форматта дәлелдемелік негізбен жасалып, түсіндірме жұмыстары ұйымдастырылуда.Қасиетті Құранның аяттары, хадистер, Ислам әлемінің іргелі ғалымдары мен қазақ ағартушыларының еңбектері негізінде радикалды ағым өкілдерінің ұстанымдары теріске шығарылады.
Нысаналы жұмыстар белгілі бір аумақтың діни ғимараттарында, оқу орындарында, мектептерде, сонымен қатар үйде немесе басқа да ыңғайлы жағдайларда орындалды.
Атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижелілігін арттыру мақсатында, деструктивті ағым өкілдерінің ата-аналарымен де мерзімді түрде кездесулер өткізіліп тұрды.
Деструктивті ағымдарға өтуді болдырмау мақсатында ел тұрғындары, оның ішінде жастар, діни негіздегі радикалдық идеологияға бейім және ұшыраған азаматтарға, интернет-аудиторияға, діни рәсімдерді орындайтын адамдарға экстремизм мен терроризм идеяларын қажетсінбейтін сананы қалыптастыруға бағытталған кешенді алдын алу жұмыстары іске асырылуда.