Дін және мемлекет қарым-қатынастары
Дін – адам және қоғам діні, адам және қоғам өмірінің негізі. Тарихи тұрғыдан дін – адамның материалды және рухани болмысының жаратылыс жағынан негіз немесе қайнаркөз табу қажеттілігінің нәтижесі ретінде туындаған. Себебі, адам өзін-өзі танығанда, кім болғанын үйренгенде, өзгеше болмысына бір жаратушы негіз іздейді. Міне, адамдағы бір дінге деген қажеттілік сана-сезімі осы. Осыған қоса, әр адамның өз болмысының әрі әлеуметтік – мәдени өмірінің бір рухани жағы бар, олай болатын болса: Діни – рухани жақ не? Дін дегеніміз не? Адамның өміріндегі діннің рөлі қандай? Діни тәрбиеге қажеттілік бар ма? Бар болса, оны қай мекеме қалай береді?
Тәрбиесі, ғылым мен мәдениеті, санасы мен түсінігі қашанда адам болмаса дінге деген қажетті болмыс. Тарихтың әр дәуірінде адамзат діннің көлеңкесінде және қорғауында өмір сүріп келген. Бүкіл материалды және рухани болмысын сенім атқарған құдайға, бағынып жүрген дінге арнаған. Яғни дін үшін өмір сүрген, жұмыс істеген, тәрбие және ғылым алған, ордасымен айналасып нығайтқан, керек болғанда тұрған жерін, отанын қиып басқа жерлерге көшіп қонған. Адамзат тарихындағы ең үлкен жойқын соғыстар дін үшін, ұлттық және рухани болмысын қорғап жалғастыру үшін пайда болған. Осыған қоса, тарихтағы ең үлкен мемлекеттер мен мәдениеттер және өркениеттер де діннің негізінде әлемде орын алған.
Ең үлкен және көрнекті сана және пікір орталықтары тәлім-тәрбие, ғылым және мәдениет мекемелері діннің рәміздері ретінде құрылып дамыған. Ислам әлеміндегі көрнекті де әдемі де мешіттер, медреселер, сарайлар, христиан әлеміндегі шіркеулер осының дәлелдері болып көрінеді. Бұл мекемелер бір жақтан дін, ождан және ғибадат, наным-сенім бостандығын, адам және қоғам азаттылығының жалғасып келгенін көрсетсе, бір басқа жақтан дін және мемлекет арасындағы екі жақты көмектесумен түсініспеушілікке, көмектесуге, құрметпен сыйласуға дәлел болады.
XVIII ғасырдан (1789 француз революциясы) бастап бүкіл әлемде дін және ождан бостандығы мен діни түсінікте үлкен даму мен өзгерістер болды. Адамзат әсіресе, христиандықтың күнделікті адам және қоғам өміріндегі қатты ықпалынан құтылып еркін ожданымен өмір сүруге басталды. Дін бостандығы, сана және ождан бостандығы, ғибадат бостандығы т.б. мәселелер мемлекеттер мен үкіметтердің күн тәртібіндегі ең маңызды орын алды. Діни тәлім-тәрбиеге мән берілді және кез-келген адамға өзгеше діннің үйрену және әулетіне үйрету құқығы танылды.
Осы оқиғалар мен өзгерістердің нәтижесінде дін мен мемлекет істері бір-бірінен бөлінді, яғни дін-мемлекетке, мемлекеттік мекемелерге, мемлекеттік іс-шаралардың орындалуына араласуды тоқтатып қойды. Ал мемлекет болса, ол да дінге егемен болуды, дін және ғибадат істеріне араласуды қойды. Адам мен қоғам өзі қалайтын, жақсы көретін және ризашылық білдіретін дінді өз еркімен таңдауға, діни міндеттерін және ғибадаттарын еркін орындауға қол жеткізе бастады. Міне, осыдан әлемдегі «зайырлы мемлекет түсінігі және мүшесі» пайда болды. Одан әрі мемлекет дінге араласпауға, дін бостандығына мән беруге, бүкіл отандастарға дін, ғибадат және ождан еркіндігін қол жеткізуге өз күш-қуатын ортаға сала отырып, көмек көрсетуге атсалыса бастады.
Бірақ адамзат әлемінде зайырлы мемлекет туралы тек бір түсінік қалыптасқан жоқ. Кейбір адамдардың көзқарасынша зайырлы мемлекет «дінсіз мемлекет» деп саналса, кейбіреулерінің пікірінше зайырлы мемлекет болуы, дінсіз немесе дінге қарсы болуы мағынасында түсіндірілді; керісінше мемлекеттің дінге араласпауы және үстемдік жасамауы дінге құрметпен қарау, адамдардың дін және ождан бостандығына кепіл болуы.
Шындығында мемлекет дінді, дін де мемлекетті қолдайды. Мысалы, Ислам діні мемлекетке, мемлекет басшысы мен қайраткерлеріне, үкімет басшыларына құрмет көрсетуді парыз ретінде тапсыра отырып, мемлекет президентіне қарсы болуды Аллаһ-тың өзіне қарсы болуы деп қабылдаған. Отанды сүюді имандылық негіздерінің біреуі деп жариялаған. Тағы да Ислам дінінде мемлекет құрылымы жан-жақты қасиетке ие болады және тікелей халықтың басшылығына сүйенеді. Басшылықты немесе мемлекетті танытатын үкімет пен барлық адамға бірдей қолданылатын «заң» бар.
Осыған қоса, Ислам бойынша, үкімет нәсіл мен дін айырымын жасамайды. Әрбір адамға өзіне тиістісін беріп, барлық мәселеде заңды жоғары қояды. Саяси күшті халықпен байланыстырып, халықтың пікірімен санасып, мемлекет ісін жүргізеді. Азаматтардың жан және мал-мүлік қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Басқаша пікірдегі және сенімдегі адамдарға қысым көрсетпейді, керісінше, өз қарауындағы әрбір адамға түсіністікпен және кішіпейілділікпен қарайды. Дін және ибадат еркіндігін қорғайды. Діндері, пікірлері мен ғибадаттары әр түрлі адамдарды жазаландырып, қысым жасамайды. Адамдарды зорлықпен исламдандыру саясатын ұстанбайды.
Шымкент қаласы дін істері басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша «МӘҢГІЛІК ЕЛ» қоғамдық бірлестігі әзірлеген