Экстремистердің іс-әрекеті
Экстремизм мүшелері көздеген мақсаттарына жету үшін ешнәрседен қаймықпайды. Небір озбыр әрекеттерге барады. Тіпті өздерін құрбан етуге әзір. Осылайша күш, қару қолдану және заңдар сенім — нанымдарды аяққа таптап, дін атын бүркемелеп, діттегендеріне жетуге тырысады. Өзі үшін бөгде пікірде саналатындарды түрлі амал — айлалармен арандатуды ойластырады.
Экстремизм діндегі жеңілдеткен үкімдерді ауырлатып көрсетіп, халыққа түймедейді түйедей етіп көрсетіп бағады. Мұсылмандық адал, таза тіршілікті лайлауға барынша тырысып баққан, бөгде, бөтен пасық пиғылды адамдар.
Жалпы, елді дүрліктірген лаңкестік оқиғалардың қайдан өрістеп отырғанын, сипатын, себеп-салдарын айқындамай тұрып нәтижелі іс-қимыл жасай алу қиынға соғады.
Сондықтан лаңкестікке қатысты деректер байқалатын болса, дереу тиісті құқық қорғау органдарына хабарлау қажет.
Лаңкестік (терроризм) — негізінен, саяси-әлеуметтік себептерге байланысты жеке адамға, көпшілікке немесе мемлекетке қысым жасау, үрей туғызу мақсатында қасақана жасалатын қылмыстық іс-әрекет.