ЕЛ ТАҒДЫРЫНА ТАҢДАУ ЖАСАУ ПАРЫЗЫМЫЗ

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Ғани Ташқараев пен қалалық мәслихат хатшысы Бахадыр Нарымбетов Бам шағын ауданы тұрғындарымен, соның ішінде көпбалалы аналар, аз қамтылған отбасылар, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар және ерекше қажеттіліктері бар азаматтармен кездесті.

Жиында халық қалаулылары Конституциямыздың 33 бабына енгізілетін өзгерістер жайлы баяндап берді.

— «Конституцияның жаңарған нұсқасында Мемлекет басшысының жақын туыстарына саяси лауазым иеленуге және квазимемлекеттік секторда басшылық қызмет атқаруға тыйым салынады. Сондай-ақ құқық қорғау саласы бойынша маңызды өзгерістер енгізіледі. Атап айтсақ, Конституциялық сот құрылады. Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің, яғни омбудсменнің мәртебесі Ата заңмен айқындалады. Елімізде өлім жазасы мүлде жойылады. Мұның бәрі азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін жасалып жатыр»,- деді мәжілісмен.

Жердің және табиғи ресурстардың иесі халық деген норманы Конституцияда біржола бекітудің саяси мәні зор болмақ және болашақта бұл мәселені әртүрлі түсіндіруге жол берілмеуі керек. Осыған байланысты, Негізгі заңның 6-бабын мынадай редакцияда беру ұсынылады: «Жер және оның қойнауы, су, өсімдіктер және жануарлар әлемі, басқа да табиғи ресурстар халыққа тиесілі. Осындай тарихи өзгеріс жасауға әр қазақстандықтың қатысуы маңызды.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.