Ел-жұртым деп шынымен шырылдаған Дулаттай боп қазақтың қай баласы?!

 

Газет-журналдардан «Исабеков Президенттің алдында түк айтпады ғой»  деген пікірді мен де оқыдым.  Айтуын айттық қой, оның бəрі көрсетілмеді…. Екі жарым сағатқа созылған əңгімеде не айтылмады дейсің, бəрі айтылды. Мақтанғаным емес,
өткір пікірді мен ғана айттым.

«Бұрын өзіңізге айтқан мəселені қайталап айтамын. Елімізге қытай көп келіп жатыр.  Бізге Ресейден гөрі Қытай қауіпті.  Халқының саны 145 миллионды құрайтын  Ресеймен  араласып жүргенімізге300-400 жыл болды.

Ал халқы1,5 млрд. Қытай– соғыссыз, күлкімен ғана басып алатын мемлекет. Қазақ өз жерінде отырып мұнайымызға келген қытайдың құлына айналып бара жатыр. Оларға
кеңдікті көптеп беріп қойғанбыз.   Екіншіден, демография– ушығып тұрған мəселе.  Өзбектер32 млн. болды. Өзбектей болмасақ та, 20 млн-ға жетсек, қазақ тілінің мəселесі өзінен-өзі шешіліп кетер еді. Өзбектер біздің тіл мəселесін көтере беретінімізге таңғалады.

Содан соң, ауылға деп жыл сайын бірнеше млрд. ақша бөлінеді.  Менің
ауылым сол күйінше, Нұреке.  Жылына екі-үш рет барамын, ешқандай өзгеріс жоқ. Қырғызда ешнəрсе жоқ дейміз, бірақ тіршілігіміз бірдей. Неге бензин  Қырғызстанда Қазақстанға қарағанда арзан?  Олар астық өндірмейді, бірақ наны біздікінен арзан.  Бішкегінде де бір баға,  Қарабалта деген шалғай өңірінде де бір баға. Нарық, жеке меншік дейміз, арасы 150 метрлік екі заправкада екі түрлі баға. Мұның бəрі қандай жүгенсіздік?

Сіз базарды аралағанда бəрін арзан етіп қояды, сіз кеткен соң баяғы
қымбат бағаға өзгертеді. Сізге жалған ақпарат беретін штаттағылардан өзге тұрақты қоғамдық комиссия құру керек. Орташа жалақы дегенді қайдан шығарып алдық? Егер орташа жалақыға сенер болсақ,  əр адамның жалақысы 250-300 мың болар еді.
Менің айлығым – 110 мың. Келінім– ғылым кандидаты 90 мың алады.
Ал ортақ жалақыны банкирлер мен депутаттардың, «Самұрық-Қазынада» істейтіндердің айлығынан шығарады. Бұл нағыз өтіріктің
өзі ғой!  Неге өз елімізде емделмей шетелде емделеміз? Қазақстан үлгілі
мемлекет дейміз,  осы жағынан неге үлгі алмаймыз? Неге жеңіл өнеркəсіпті дамытпаймыз? Неге өндіріс орындарының бəрі шетел діктердің орындарының бəрі шетелдіктердің қолында? Бұрын Кеңес үкіметі кезінде шетелден көшіп келген қазақтар мал бағатын. Қазір ондай мал жоқ. «Дипломмен ауылға» деген ұран құлағыма кірмейді.  Ал мысалы, мен бітірдім. Дипломмен ауылға барамын, ол жерде не істеймін?

Менің ауылымда 8000 адам тұрады. . Жұрттың барлығы жеке меншік фермерлік барлығы шаруашылықпен айналысып жатыр. Сырттан барған адамға айлық керек, жағдай керек. Оны алып не істейді?Ауылдағы мұғалімдердің өзі мектепке əрең орналасады. Ашығын айтайын, əрең орналасады. Ашығын айтайын, өзім бір адамды орналастыру үшін, абыройымды салдым.  Мененұялғанынан əрең алды.  Бірақ маған айтпа деп, орналастырған адамымнан 400 мың теңге алыпты. Міне, осындайлардың бəрі ұлтымызды бұзады», – дедім.

Nur.kz

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.