ЕЛІМНІҢ ЕРТЕҢІ ҮШІН ДАУЫС БЕРДІМ!

Бүгін біздің еліміз үшін және оның азаматы ретінде мен үшін өте маңызды күн. Референдум арқылы еліміз өзінің болашағын айқындайды. Мен өзім тіркелген сайлау учаскеме азамат ретінде ел, балаларымыздың болашағы, мемлекеттіміздің бейбітшілігі мен гүлденуі, халқымыздың бірлік, берекесі үшін дауыс бердім!

Ал «AMANAT» партиясы Еңбекші аудандық филиалының Атқарушы хатшысы ретінде айтарым, таңертеңнен ауданға қарасты 82 учаскесі ашылды. 154 мыңнан астам қала тұрғынының дауыс беру құқығы бар.

Халық арасында осы уақытқа дейін Ата заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы тусіндірме жұмыстары кеңінен жүргізілді. Қолдау тауып, бүгінде Конституциядағы түзетулерге дауыс беру қарқынды өтіп жатыр.

Заң бойынша аудан бойынша дауыс беруге құқығы бар (18 жасқа толған) азаматтардың таңғы сағат 7 ден 12-ге дейін 60 мыңға жуығы сайлау учаскесіне келіп, өз дауысын беріп үлгерді. Бұл аудан тұрғындарының белсенділігі жоғары екенін көрсетіп отыр.

Егер референдумда дауыс берушілер аталған өзгерістерді қолдаса, онда біз Президент айтқан Жаңа Қазақстанды, Әділетті Қазақстанды құруға мүмкіндік аламыз. Бұл ел дамуы үшін маңызды қадам.

Гүлжайна Жартыбекова— «AMANAT» партиясы Еңбекші аудандық филиалының Атқарушы хатшысы.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.