ЕҢ ҚЫМБАТ САҚИНА

The World’s First Diamond Ring – әлемдегі ең қымбат сақина. Швейцарлық Shawish компаниясы жасаған бұл сақинаның ерекшелігі, ол тұтастай гауһартастан қашалған.

Бұл бірегей туындыны жасау үшін зергерлер тәуекелге бас тіге отырып, арнайы лазердің көмегімен бір жылдан аса еңбек еткен. Себебі, егер лазер сәулесі бағалы тастың бірегей құрылымына нұқсан келтірсе, оның бағасы күрт түсіп кетуі мүмкін еді. Алайда мінсіз жұмыс нәтижесінде бірде-бір сызатсыз жасалған таза гауһар сақина Гиннестің рекордтар кітабына енгізілді. Оның құны бүгінде 70 млн. доллардан асып жығылады.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.