Ең қымбат яхта
History Supreme деп аталатын әлемдегі қымбат яхтаның ұзындығы – небәрі 31 метр, онда теннис корттары немесе үлкен хауыздар, шарап қоймалары мен көлікке арналған шағын гараж да жоқ. Соған қарамастан, оның құны – 4,8 млрд $.
Бұл яхтаны тұрғызуға 100 000кг алтын мен платина жұмсалған. Бұған қоса кеменің бортында ти-рекс динозаврының сүйегінен жасалған мүсін бар, сондай-ақ 18,5 карат өте сирек кездесетін алмаз тастарымен безендірілген шөлмектен ликердің дәмін татуға болады. Яхтада небәрі екі VIP-каюта бар. Бұл ен дәулеттің иесінің есімі белгісіз. Ол шамамен малайзиялық байшыкештердің бірі болуы мүмкін деген болжам бар.