ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА КӘРІЗБЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Қала әкімі Еңбекші ауданы тұрғындарымен кездесуде кәріз жүйесімен қамту жұмыстарының барысына тоқталып өтті.

Еңбекші ауданында 34 467 абонент (52 пайыз) кәрізбен қамтылған. Қамтылмағаны – 28 502 (43 пайыз), жекеменшікте – 3 314 абонент (5 пайыз).

Қазіргі таңда  Еңбекші ауданында Ұлағат (2248 абонент), Мирас, Шапағат-2 (1690 абонент), Солтүстік-шығыс (480 абонент), Жұлдыз тұрғын алабында (260 абонент) құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Аталған құрылыс жұмыстары 2021-2022 жылдарға жоспарланған.

Қаланың 2022-2025 жылдарға арналған даму жоспарына сәйкес, кәріз жүйесімен қамту көрсеткішін 75 пайызға жеткізу көзделіп отыр. Еңбекші ауданында жыл соңына дейін кәрізбен қамтылу көрсеткіші 59 %-ға өседі.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.