Еркебұлан Сейдахмет Болгариялық клубқа жалға берілді
QAZAQJOLY.KZ: Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы мен Ресейдің «Уфа» клубының шабуылшысы Еркебұлан Сейдахмет Болгарияның «Левски» командасына жалға берілді.
Бұл жөнінде «Уфа» клубы жария етті. Аталмыш жаңалықты «Левски» де ресми түрде растады. Еркебұлан ресейлік клубқа 2018 жылдың қыс мезгілінде «Тараз» командасынан ауысып келді. Осы уақыт аралығында «Уфа» құрамында 4 ойында жасыл алаңға шықты. Ал Қазақстан ұлттық құрамасында 6 кездесуге қатысты. Қарсыластар қақпасына 2 гол соқты. Бұдан бұрын оны Алматының «Қайрат» командасы құрамына қосылатыны жайында айтылған еді. Дегенмен бұл әңгіме расқа айналған жоқ. Болгария астанасы — София қаласының намысын қорғайтын «Левски» клубы 1914 жылы құрылған. Бүгінге дейін өз елінің 26 дүркін ел чемпионы атанды. Биылғы біріншілікте екінші орында келеді. «Левски» бүгін, 1 наурызда сырт алаңда Софияның «Славия» командасымен кездеседі.
АҚПАРАТ көзі: jasqazaq.kz