Ерлан Саиров, саясаттанушы: … халықтың жағдайының төмен екендігін көресің

Еліміздің экономикалық дамуында орталық пен облыстар арасында жер мен көктей диспропорция бар.

Біздің елімізде бюджет жоғарыдан төмен қарай жасалады.

Яғни, салықтың барлық түрлері орталықта шоғырланып, сол жерден аймақтарға бөлінеді. Сол бөліністі әділетті, дұрыс бөлу деп айту қиын. Қаржының басым бөлігі Нұр-Сұлтан қаласына тиесілі болып жатады.

Аймақтар, әсіресе ауылдарға судың тамшысындай ғана қаржы бөлінеді.

Қазір, Нұр-Cұлтан қаласынан 30 шақырым шығып кетсең, халықтың жағдайының төмен екендігін көресің.

Әлеуметтік- мәдени инфрақұрылым жоқ. Жол жоқ. Интернет тапшы.

Ауылдың тұрғындарының өмір сүру индексі төмен.

Мемлекет бюджетін аймақтарға, ауылға бұратын уақыт жетті.

Халықтың 42 пайызы аймақтарда тұрады. Олардың әлеуметтік иммуни­тетін ойлау мемлекеттік мәселе.

Нұр-Cұлтан қаласына қаржыны төге беруді доғарып, аймақтарға көңіл бөлетін уақыт жетті.

 Alashainasy.kz

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.