ЕРЖҮРЕК БАТЫРДЫҢ ЕРЛІГІ ҰМЫТЫЛМАЙДЫ

Жуырда Шымкент қаласы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ИЧ-167/3 мекемесінде қазақ елінің Халық қаһарманы, біздің мақтанышымыз Ғазиз Әбдібекұлы Байтасовты (3 сәуір 1971 жыл – 12 қараша 2011 жыл) еске алу күнін атап өттік.

Ғазиз Әбдібекұлы Байтасов 1971 жылы 3 сәуірде Жамбыл облысы Түймекент ауылында дүниеге келген. Ғазиз Әбдібекұлы мектеп жасында әкесі Әбдібектен ерте айырылады. Мектеп бітірген соң жоғары білім іздеп 1997 жылы Қарағанды поли-техникалық институтына түседі. 2002 жылы Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық универси-тетінде білім алады.

Жалпы Ғазиз 20 жыл құқық қорғау органында қызмет етті. 2011 жылдың 12 қарашасында Тараз қаласында қауіпті лаңкес қылмыскерді ұстау барысында қаза тапты. Қылмыскердің қолындағы гранатаны халыққа қарай лақтыруға жол бермей, өз денесімен жауып, қылмыскерді тоқтатқан жас қаһарманның жанкештілігі әлі де жұрт жадында. Тағдырға амал бар ма, артында жұбайы мен 2 ұлы қалды.

Бүгінде полиция капитаны Ғазиз Әбдібекұлы Байтасовқа  осы ерлігі үшін оған Қазақстанның Халық қаһарманы атағы берілді.

 Ж.Мурадов,

 МБКК әділет майоры.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.