ЭТНОКОНФЕССИЯЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫ РЕТТЕУДІҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МОДЕЛІ

Дүниенің  байлығы оның әр алуандығынан тұратыны баршаға мәлім. Сол үшін, «Этникалық алуан түрлілік – бұл адам өмір сүруінің оңтайлы түрі», -деп айтатын, зерттеуші ғалым Л.Н.Гумилев. Ұзақ тарихи уақыт бойы қалыптасқан діни және мәдени әралуандығы еліміздің ерекшелігін паш етеді. Мемлекетіміздің «өркениеттер торабы» деп аталуы заңды құбылыс деп есептеймін.

Еліміз ислам, христиан, буддизм, иудаизм сияқты ықпалы зор дүниежүзілік конфессиялардың нағыз тоғысқан жері болып келеді.  Біздің елімізде сан ғасырлар бойы әртүрлі өзге халықтар мен ұлттардың өкілдері мекендеп, еңбек етуде. Осында, өзара өркендеуге маңызды ықпал ететін, берік мәдени және әлеуметтік-экономикалық байланыстар қалыптасқан. Қазақстан Республикасының  мемлекеттік саясатының өзекті басымдылықтарының бірі – дінаралық татулықты нығайту. Еліміздің дінаралық тұрақтылық үлгісі қоғамының дамуындағы күрделі конфессияаралық конфигурацияны көрсетеді. Республикадағы барша діни наным- сенімдердің толық құқықтық теңдігіне қарамастан, осы конфигурацияның ортасында еліміздегі екі ең ірі діні, мемлекетімізде дінаралық төзімділікті қамтамасыз етіп отырған – Ислам және христиан діндері тұр. Мемлекетіміздегі барша діндер арасындағы қарым-қатынас тек тұрақтылық пен толеранттылық негізінде жүзеге асады. Діни сенімдердің көп әралуандығы, түрлілігі, солардың жұмысының ерекшелігі, адепттердің ұлттық құрамы, солардың жастық және білім деңгейлері, осылардың барлығының жиынтығы конфессияаралық қарым-қатынастың жүйесін құрайды. Кез келген дін басқа діндермен өзара қатынасын қалыптастырады. 2011 жылғы «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңға сәйкес дін мемлекеттен бөлінген, еліміз зайырлы болғандықтан, діни ұйымдардың ішкі қызметтеріне қол сұқпайды, дегенмен ішкі және сыртқы саясатта этноконфессияаралық факторларды ескереді. Мемлекетіміздің дінаралық келісім моделі дегеніміз – Қазақстан Республикасындағы дінаралық қарым-қатынас жүйесінің тұрақты түрде дамуы. Біз осы тұрақтылыққа қолдау көрсетіп және сақтап отыруымыз керек, өйткені әлем елдерінде жүзеге асып тұрған үрдістер  тұрақтылықты сақтауға әр кезде мүмкіндік туғызбайды, керісінше тұрақсыздықдың тууына әкеледі. Геосаясат террриторирясындағы бірқатар ықпалды халықаралық және отандық сарапшылар дүние жүзінде тұрақсыздықтың көбеюіне назар аударуда, сонымен бірге осы тұрақсыздық глобалды сипатқа ие болуда.

Сол үшін де осындай жаңа шарттардан дінаралық келісімнің тұрақтылығын қалай сақтауға болатындығын анықтайтын заңды сұрақ туындайды.  Біріншіден, ел мен конфессияларға осы салада қол жеткізген жетістіктерді сақтау және дінаралық бейбітшілікті жоюға әкелетін қадамдар жасалмау керек. Екіншіден, біздің мемлекетіміз қоғамымыздағы өзгеріп жатқан әлеуметтік-саяси жағдайларға сәйкес конфессияаралық саладағы заңдарға қатысты өз заңнамаларын өзгертуге немесе қайта қарастыруға құқылы. Үшіншіден, осы заң дінге сенушілердің құқығын шектемеуі керек. Сол үшін өзгертулер мен толықтырулар дәйекті және үйлестірілген болуы қажет. Төртіншіден, Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы, Еуропалық Одақ, Біріккен Ұлттар Ұйымы адам құқығы жөніндегі Кеңесі және тағы басқа халықаралық ұйымдар адам құқығы саласындағы халықаралық заңнамаларға назар аударып, зерттеуде, сол себепті осы ұйымдар конфессияаралық қатынастар саласындағы Қазақстан Республикасының 2011 жылы қабылданған жаңа заңнамаға ерекше көңіл бөлуде.

Қазақстан Республикасындағы конфессияаралық қатынастардың кейбір қағидаттары туралы:

Алғашқы қағида – барша дін ұстанушыларға төзімділік және инабатты қарым-қатынас қағидасы, сонымен бірге өзге конфессия өкілдеріне толеранттылық таныта отыру. Екінші қағида –дінаралық сұхбаттың барша қатысушыларына деген тең құқықтық қағидасы, осымен бірге баршаның өз ойы мен ұстанымын еркін білдіру мүмкіншілігі. Сұхбатқа қатысушылардың ешқайсысында басқаларға деген басымдық болмауы тиіс.  Үшінші қағида – сұхбат  ұйымдастыру және жүргізуден құралады. Төртінші қағида – Қазақстандағы мемлекеттік- конфессиялық қатынастар серіктестік, өзара сыйластық және бір-бірінің істеріне араласпау қағидаларына негізделеді. Еліміздегі діни бірлестіктер қоғамдағы азаматтық бейбітшілікті және рухани келісімді нығайтуға бағытталған әлеуметтік-мәдени шараларға атсалысады, соның барысында:

– өзге конфессияны ұстанушылардың өз дініне қаратуға бағытталған ойы, бір сенімнің өзге сенімге басымдық көрсету әрекеті болмауы тиіс;

– дін ұстанушылардың қатынасы өзара түсіністік үшін жайлы атмосфера тудыратын, кереғар наным мен өзге сенімді  дұрыс емес түсіндіруді көздемеу керек;

– барлық адамдар ұлттық және конфессиялақ ерекшелігіне тәуелсіз, барша азаматтардың бейбіт қатар өмір кешуі мен серіктестігі үшін қолайлы шарттар мен тиімді жолдар іздеуге негізделуі керек.

Дінаралық және конфессияаралық сұхбатқа тоқталар болсақ, Қазақстан Республикасы дүниежүзілік деңгейде конфессияаралық диалогты нығайтып, кеңейтуге зор үлесін қосып келгені баршаға мәлім. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың ұсынысымен қазіргі заман тарихында біздің мемлекет алғашқы болып конфессияаралық және мәдениетаралық сұхбатты өрбітумен айналыса бастағанын атап өту керек.  Біздің еліміз әлемдік деңгейде төзімділік пен ынтымақтастық принциптері мен ұстанымдарын  ұсынып, бірегейлік пен  толеранттылық статусы арқылы танылған мемлекет болып отыр.

Қазақстан Республикасы әлемдегі белді халықаралық ұйымдарға төрағалық ету барысында мынадай оң нәтижелерге:

– халықаралық деңгейде елімізді мойындауға және елдің қалыпты дамуына;

– әлемдік қауымдастыктың еліміздің Орталық Азия аймағындағы тұрақтылык пен қауіпсіздікті сақтау мен нығайтудағы қосқан үлесін жоғары бағалауына;

– халықаралық маңызға ие мәселелер бойынша өзіндік бастамаларын іс жүзінде жүзеге асырудың мүмкіндіктеріне;

– әлемдік қауымдастықты Азия континентіне, ондағы халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке төндіріп отырған немесе төндіруі мүмкін мәселелерді реттеуге, алдын алуға көңіл аудартуға;

– толеранттылықтың қазақстандық үлгісін халықаралық аренада кеңінен танытуға қол жеткізді.

Қазақстан Республикасының  Тұңғыш Президенті Н. Назарбаевтың бастамасымен елімізде халықаралық деңгейде толеранттылық қағидалары мен механизмдерін жетілдіру бағытында мына іс-шаралар жүйелі түрде өткізілуде:

  1. ЕҚЫҰ Астана саммиті, 2010 жыл 1-2 желтоқсан;
  2. Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының Съездері;

3.Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиялары;

  1. Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес (АӨСШК) мемлекеттерінің толеранттылық мәселелері туралы азаматтық форумы.

Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының Съездеріне келер болсақ, еліміз алғашқылардың бірі болып, өзіне жауапкершілік ала отырып, саналуан әлемдік және дәстүрлі діндер мен конфессиялар көшбасшылары арасындағы сұхбатты нығайтумен іс жүзінде айналысуда. Конфессияаралық келісімді нығайтудағы маңызды қадамдардың бірі Әлемдік және дәстүрлі діндердің съезін өткізу болды. Азаматтық бейбітшілікті, әртүрлі діндер өкілдерінің арасындағы келісімді қолдауға бағытталған Қазақстанның тәжірбиесі мен саясаты дүние жүзі қауымдастығына түрлі конфессиялардың сенімді қатар өмір сүру әрі қажет, әрі мүмкін екендігін тағы да дәлелдеді. Мемлекет басшылары мен әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшыларының қолдауымен 2003 жылы 23-24 қыркүйекте республикамызда  әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшыларының І Съезі өтті. Дінаралық форум жұмысында Астанаға дүние жүзінің 14 мемлекетінен 17 делегация келді. Бірінші Съездің жұмысы болашақта үйлесімді әлем құруға негіз болатын, адамзат үшін бейбітшілік пен алға жылжуды және мемлекеттерде тұрақтылықты қамтамасыз ету жолында рухани басшылар бірігіп, қызмет ететінін жариялаған Декларация қабылдаумен аяқталды.

Еліміз толеранттылықтың қазақстандық үлгісі ретінде дүние жүзіне бейбітшілік мәдениетімен, ядролық қаруға қарсы күресімен, ұлттар мен конфессиялар арасындағы келісім мен татулық қатынастарымен танылды. Толеранттылық – өркениеттіліктің белгісі, бұл халықтың санасы, мәдениеті мен дәстүрі, рухани байлығы дамуының көрінісі. Толеранттылық күрделі және көпжақты феномен, ол мемлекеттің даму болашағын анықтаушы, жалпы тұрақтылықтың негізі болып табылады.

Біздің еліміздің бүкіл планетада тұрақтылық пен өзара түсіністік орнатуға ұмтылыстың дәлелі – 2007-2008 жылдары өткен Біріккен Ұлттар Ұйымының 62-сессиясында ҚР  Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың биік мінберден таяудағы жылдардың бірін Халықаралық мәдениеттер мен діндердің жақындасу жылы деп жариялау туралы бастамашылдығы болып табылады. Бұдан басқа, БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы Комиссары Басқармасының өкілі, тәуелсіз сарапшы Гэй Мак Дугалл өзінің Қазақстанға сапары барысында біздің тәжірибемізді арнайы зерттеді, ал этносаралық толеранттылықтың қазақстандық үлгісі Женевада БҰҰ-ның аз ұлттар мәселелері жөніндегі «Азшылықтар және олардың  саяси өмірге атсалысуы» атты II Форумында таныстырылды. Франция, Норвегия, Ґлыбритания, ГФР, АҚШ, Финляндия, ҚХР, Ирландия, Литва және Австрия өкілдерінің Ассамблеяның тәжірибесін зерттеу мақсатымен Ассамблеяға сапарлары жиілей бастады.

Жалпы, ашықтық пен ынтымақтастық рухы біздің дәстүрлердің бір бөлігін құрайтындығы, себебі ерте замандардан бері еліміз саналуан дәстүрлер мен мәдениеттердің тоғысу және табысу ортасы болғандығы қазір айтылып та, жазылып та келеді. Сол үшін де жаңа замандағы егеменді мемлекетіміз өзге халықтармен, этностармен және мәдениеттермен мүдделес ынтымақтастықтың «көпірлерін салу» үшін қажетті алғышарттардың-туысқандықтың, сұхбат пен өзара түсіністіктің рухында өркендеуді қалайтындығын да көре білді. Осы ойлармен сабақтасып, көп ұзамай мемлекетімізде конфессияаралық сұхбат басталды.

Сұхбат – бұл адамдардың бір-бірімен ой алмасуы, өзгелерді түсінудің оңтайлы тәсілі. Мәдениеттер мен конфессиялардың диалогы  қақтығыс пен тұрақсыздықты жою үшін ынтымақтастықты нығайтуды қамтамасыз етеді. Осы орайда еліміз әлемге үлгі бола алады. Қоғамымыздың рухани тұрғыдан жаңаруында дәстүрлі конфессиялардың маңызы ерекше. Ислам, христиандық және иудей діндерінің жалпы адамзаттық және адамгершілік құндылықтарының ұлтаралық және конфессияаралық келісім мен толеранттылықты орнықтырудағы маңызы айтарлықтай. Олар мемлекетімізде достықты, өзара құрмет пен түсінісушілікті нығайтуға қызмет етуде. Мемлекетіміздің биік мінберлерінен айтылған осындай ойларды халыққа түсіндіріп, дінаралық келісім ісінде игі дәстүрлерге ие болғандығымыз да зор мақтаныш. Бүгінгі таңда өзіміздің Шымкент қаласында да конфессияаралық

толеранттылықты, этносаралық келісімді насихаттауда да айтарлықтай жетістіктер бар. Өйткені үшінші мегаполисте тату-тәтті күн кешіп жатқан түрлі конфессиялар мен

этнобірлестіктер қаладағы татулық пен тұрақтылықтың сақталуына зор үлес қосып, көптеген игі шараларға мұрындық болып жүр. Яғни “Татулықта табыс мол” екендігін ұғынған қазыналы Оңтүстіктегі отандастар бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ жолында жемісті жұмыстар жүргізуде. Лайым бірлігіміз бекем, ынтымағымыз мәңгі бола бергей!

 

А.Джалилов,

М.Әуезов атындағы ОҚУ,

«Қазақстан тарихы» кафедрасының оқытушысы,

гуманитарлық ғылымдарының магистрі, Шымкент қаласы.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.