Езутартар

*    *    *

Автобуста. Контролер:

– Жас жігіт, сіз не, көрмей тұрсыз ба? Бұл орындар балалы әйелдерге, қарттар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған!

– Ал менің мүмкіндігім шексіз деп кім айтты сізге?!

*    *    *

– Алло, доктор!

– Не болды?

– Мен қазір кепкен балық жеп, артынан сүт  іштім… Енді құлпынайды жуып жейін бе, әлде енді бәрібір ме?

*    *    *

Бір студент көп ішіп қойып, бақилық болады. Оны бірден тозаққа апарады. Қақпаның алдында шайтан одан:

– Кәдімгі тозаққа барасың ба, әлде студенттердікіне апарайын ба? — дейді.

– Кәдімгісіне барамын, — дейді студент.

– Жарайды, кейін өкініп жүрме, — деген шайтан оны кіргізіп жібереді. Студент қараса, тозақта бәрі бар екен: ішімдік, темекі, қыздар… Бірақ, күн сайын сағат тоғызда шайтан келіп, табанына 1 шеге қағып кетеді. Студент бір ай шыдайды, екі ай… Сосын шайтанға:

– Мені студенттердің тозағына жібер, — дейді.

– Болды! — дейді шайтан.

Мұнда тіпті керемет: ішімдік те көбірек, қыздар да сұлуырақ. Ең бастысы, күнде кешкісін шайтан келіп, шеге қақпайды. Бірақ… 3 ай өткенде, шайтан бір шелек толы  шегесін көтеріп келеді:

– Ал, студентім, дайындал…, сессия!

*    *    *

Түлкі, қасқыр, аю үшеуі кездеседі. Түлкі:

– Тауыққораға жұмысқа тұрып едім, бір апта шыдадым, сосын бір тауықты жеп қойып, жұмыстан қуылдым, — дейді. Қасқыр:

– Ал мен иттермен бірге қой күзетуге жалданғанмын. Бірақ, бір қойды жеп қойып, иттерден қашып құтылуға тура келді, — дейді. Аю:

– Ал мен Астанада құрылыста жұмыс істеймін! Онда өңшең шымкенттіктер, олардың санын ешкім түгендемейді!

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.