Ғаламторға сенімсіздік
Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік бағдарламасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы ағымдағы жағдайды талдау арқылы экстремистік және террористік мазмұндағы материалдардың, соның ішінде Интернет желісінде таралуына қарсы іс-қимыл жүйесінің жетілмегендігі осы саладағы жұмыстардың осал тұстарының бірі ретінде белгіленді.
Белгіленген әлсіз тұсты бейтараптандыру және интернет-кеңістікте идеологиялық бағыт-бағдар беру мақсатындадіни мазмұндағы сайттарға контент-талдау, деструктивті ағымдардың идеяларын жоққа шығаратын дәстүрлі Ислам туралы ақпараттарды кең ауқымда жариялап отыру заман талабына айналды.
Қазақстан аумағында экстремистік және террорлық 22 топқа тыйым салынған. Дегенмен, олар әлеуметтік желі арқылы аңғал жастарды арбауына түсірмесіне кім кепіл.
Сондықтан жат ағыммен күрестің ең тиімді жолы жастардың діни сауатын жетілдіру болмақ. Біріншіден, кез-келген ақпаратты тексеру, оның түп негізін көре білу, қайдан шыққанын, қайнар көзін анықтай білу қажет. Себебі қазір жастардың адасуы ол ақпаратты нақты білмеуінен болып табылады.