ГРАНТ АЛЫП ҚОЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ҚОЛҒА АЛДЫ

Шымкент қаласының тұрғыны, төрт баланың анасы Салтанат Каххорова мамыр айында алған мемлекеттік қайтарымсыз грант қаражатына(400 АЕК) бірнеше қой сатып алып, есігінің алдында шағын қой шаруашылығымен айналысуды бастап кетті. Негізгі мамандығы мұғалім болғанымен білім беру ошақтарында жұмыс жасамаған. Үй шаруасында болған. Күйеуінің тапқан табысымен және балаларына төленетін мемлекеттік жәрдемақымен күндерін көрген. Көп балалы анна санатына жататындықтан грантқа қатысуға бел буып, сәуір айының басында тиісті құжаттарын өткізген ол комиссияның алдында бизнес жоспарын сәтті қорғаған. Нәтижесінде грант тағайындалған.

— Қазақта “Мал өсірсең қой өсір, пайдасы оның көл-көсір” деген қанатты сөз бар. Қой шаруашылығымен айналысу қазақтың қанында бар кәсіпғой. Тәуекелге бел буып бастап кеттік. Осы істі бастауға мемлекеттік қайтарымсыз гранттың пайдасы мол. Яғни, бұл — қармақ. Ары қарай алып кету өзімізге байланысты, — дейді Салтанат Каххорова.

Айта кету керек, а.ж. 1000-нан астам адамға мемлекеттік грант тағайындау жоспарланған. Бірінші лек (поток) бойынша 220-дан астам шымкенттік грантқа қол жеткізді.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.