Халық облыс әкіміне ғана сенеді. Неге?
Редакцияға«Оңтүстік Қазақстан облысы əкімінің назарына!» деп өздерінің «Жанай ғайы» жазылған хатын алып Шымкент қаласы, Əл-Фараби ауданындағы 195-орам, Нұршашу көшесінің екі тұрғыны келіпті. Көшенің бір топ тұрғындарының қолы қойылған хатқа: «Біз, төменде қол қоюшылар, облыс əкімі Жансейіт Қансейітұлының назарына біздің 6-7 жылдан бері шешімін таппай келе жатқан өзекті мəселелерімізді айтып жəне аталған мəселелердің оңды шешімін табуына пəрменді ықпал етуін сұраймыз», —— деп жазыпты. Келген қала тұрғындары əкелген хатын сөзбе-сөз жариялауды сұранады. Жəне мақаланы «Облыс əкімі Ж.Түймебаевтың назарына!» деп жариялап, мақала шыққан газеттің
облыс əкімі Ж.Түймебаевтың қолына тиюіне ықпал етіңізші» деп қиыла өтінді. Қала əкімдігінің бір мемқызметкер маманы мыңдаған адамның тағдырына қатысты тірлікті «мен шешемін, бəрі менің ашсам-алақанымда, жұмсам- жұдырығымда» дегенді тура бетімізге «былш» еткізген сорақылығы облыс əкімі Ж.Түймебаевтың құлағына жетуі керек қой деп күйінеді. Олар өздерінің Əл-Фараби ауданы əкімінен де, қала әкімі Ғ.Əбдірахымовтан да баяғыда күдер үзгендерін ашық айтады. «Қазір бізбен бірге
көшеге шығыңызшы, екінің бірі «Қарапайым халыққа жанашырлықты тек облыс əкімі Ж.Түймебаевтан ғана күтуге болады» деп айтатынын өз құлағыңызбен естисіз» деп шыр-пыр болды редакцияға келгендер.
Біз ол кісілердің күйзелістерін түсіне отырып, сабырға шақырдық. Оқырмандар «Жанайғайына» орай материал жариялайтынымызды уəде еттік. Газеттің облыс əкімі Ж.Түймебаевтың өз қолына тиетіндігіне кепілдік бере алмайтынымызды айтып, біздің ондай құзыретке ие еместігімізді түсіндіргендей болдық.