ИCАХОВ НЕГЕ ҰСТАЛДЫ???

Ақыры Мақсұт Исахов туралы ресми ақпар таралды. Өкінішті. Мейлі ол досың болсын, мейлі жауың болсын, біреудің басына түскен іске қуанудың қажеті жоқ. Ал оның қандай іс үшін ұсталғаны туралы хабар тарамады. Осыдан бірер ай бұрын Транспорт Басқармасындағы бір шенеунік ұсталып еді. Әлде соны тергеу барысында Мақсұт Исақовтың қатысы бар былықтар ашылды ма? Ол жағы белгісіз.

Өткендегі сайлау кезінде де өте алмай қалған қаншама кандидаттар Мақсұт Исақовқа ренжулі көрінеді. Өйткені, Мақсұт Шымкенттегі сол саяси науқанда тізгінді ұстаған көрінеді. Әділдікке жете алмай қалған өкпелілердің біреуі әкім орынбасарының тұғырдан таюына жұмыс істеді ме? Ал Максут Исахов қандай басшы еді? Ол қала әкімінің орынбасары болғалы көп тірліктер атқарылды. Бірнеше жыл бойы тоқтап қалған Әл-Фараби трассасының құрылысына жан бітірді. Байтұрсынов пен Қонаев қиылысындағы көпірлі, айналма жол салынды. Арғынбеков пен Бәйдібек би қиылысында да айрықша жолайырық салынуда.

Мақсұт ұсақ-түйекке онша бас ауыртпайтын көрінеді. Себебі оның кезінде салынуы тиіс үлкен көшелердегі көпірлердің құрылысы түгел қолға алынды. Өйткені көпір қымбат жоба. Ал жол құрылысы қалып қойып, көктемде жазылған сыннан соң ғана жол құрылысы қайта қолға алынды,

Мақсұттың кезінде сан жылдан бері жүріп келе жатқан автобустар жарты жолға ғана баратын болып, бағыттары өзгерді. Бұған ызаланған тұрғындардың қолынан күйінуден басқа ештеңе келмеген.

Жалпы, Мақсұт жаман жігіт емес еді. Үлкен қызметте жүрген соң бюджет пен жеке қалтаңды шатастырып алуың, кемшілік жіберіп алуың әбден мүмкін.

Оның үстіне, Мақсұт Исахов биыл мүшел жас 49-да. Әйтпесе «ұсталмаған ұры еместің» кейпімен жүргендердің бар екенін жұрт айтып жүр.. Енді не болса да, Құдай есіркесін. Соңы жеңілдікпен аяқталсын.

Сабыржан БАЙБОСЫНОВ

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.