«Ізгілік – жүректен, қайырымдылық – білектен» іс-шарасы ұйымдастырылды

Осыдан 28 жыл бұрын дәл осы күні ҚР Министрлер кабинеті Қазақстан Жол полициясын құру туралы қаулы қабылдайды. 1996 жылы 3 қаңтарда Мемлекеттік автоинспекцияның атауы Жол полициясы болып өзгертілді. Сала өкілдерінің төл мерекесіне орай «Ізгілікте жарысайық» қайырымдылық қоғамдық қоры және «Ecosana» қозғалысы бірлесіп «Ізгілік – жүректен, қайырымдылық –білектен» іс-шарасы аясында 200 полиция қызметкеріне кофе тарқатты. Еріктілер осылайша жол қозғалысындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуде аянбай еңбек етіп келе жатқан сала өкілдерінің еңбегіне алғыстарын білдірді. Еріктілерден жасақталған 5 топ Тәуке хан даңғылы мен Б.Момышұлы, Т.Рысқұлов және Шаяхметов, Қонаев және Желтоқсан көшелерінің қиылысында таңғы сағат 07:00 шамасында қызмет атқарып жатқан тәртіп сақшыларына ыстық кофе ұсынды.
«Құқықбұзушылықтың алдын алу бағыттары бойынша жұмыс жасап келе жатқан полицейлердің еңбегі құрметке лайық. Кәсіпқойлық пен өз ісіне адалдық танытып келе жатқан тәртіп сақшыларына біз өз тарапымыздан осылайша алғыс білдіруді жөн санадық. Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету миссиясын мінсіз атқарып келе жатқан Шымкент қаласы Полиция департаменті Патрульдік полиция полкінің барша қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтағымыз келеді» — деді қайырымдылық қорының өкілдері.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.