ҚАДЫР ТҮНІНІҢ ҚАСИТЕТІЛІГІ
Біздерді иманның қуанышына бөлеген Алла Тағалаға сансыз мадақ, мақтаулар болсын. Адамзатты қараңғылықтан жарыққа шығуына себепші болған, Әлемге рақым үшін жіберілген Пайғамбарымыз Мухаммед(Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын). Қасиетті Құран үмбетке мубарәк айдың мубәрәк түнінде,яғни (Лайлатүл Қадір)түнінде түсірілді.Бұл түн-ұлық,сондықтан оның толық қасиеттері адамзат ақылына сыймайтын кең де ауқымды.
Бұл түн-адамзат баласына Алланың Рахымы жауған түн.
Бүл түн-адамзатқа надандықтың қараңғылығынан иман нұрына шығуға мүмкіндік берілген түн.
Пағамбарлар атасы Ибрахим Пайғамбарға(А.С)нәсіп болған Сухуф(діни парақшалар)
Иса Пайғамбарға(А.С) берілген Інжіл
Мұса Пайғмбарға(А.С) берілген Тәурәт
Пайғамбарымыз Мұхаммед(Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) Фурқан (Құран Кәрімнің аталуы) осы Рамазан айында түсірілген.
Бұл түн-Алла Тағаланың адамзатқа бақыт шамын жаққан түн.
Бұл түн-пенделердің күнә-кемшіліктері кешірілетін,дұға-тілектері қабыл болатын түн.
Қасиетті Рамазан-берекелі ай.
Алла Тағала Құранда: «Рамазан-адамдарға тура жол нұсқаушы,ақ пен қараны айырушы,бекем тұтынатын жолбасшы ретінде Құран түсіріле бастаған ай»делінген. (Бақара сүресінің,175- аят)
Пайғамбарымыз «Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын» хадисінде: «Қадір түнін Рамазан айының соңғы он күндігінен,әсіресе соңғы тақ күндерден іздеңдер»-деген.(Бухари)
Біздің бұл түнді атап өтуіміз шариғат шеңберінде,Хазіреті Мухаммед«Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын»өсиет еткеніндей болады.
Хадис шәріпте:«Кім Қадір түнін шын иман ықыласпен үйқысыз өткізсе,оның бұрын-соңды істеген күнәлары кешіріледі»-делінген.(Бухари,Муслим.)
Мұса (А.С) Пайғмбар өзінің мінәжатында: «Жаратқан Ием!Саған жақын болуды қалаймын»,-дегенде,Алла Тағала оған: «Менің жақындығым Қадір түнін ұйқысыз өткізген адам үшін», Мұса (А.С) тағы:- «Жаратқан!Рақымыңа бөленуді қалаймын»,-дегеніне, Алла Тағала: «Менің рақымым Қадір түні міскіндерге рақым еткендер үшін», Мұса (А.С): «Уа, Алла,Тағала! Қылкөпірден найзағайдай жылдам өтуді қалаймын»,-дейді.Алла Тағала: «Ол Қадір түні садақа жасаған адамдар үшін»,-деген.
Мұса (А.С): «Раббым! Жәннәт ағашының саясында отырып,жемісін жеуді қалаймын»,-деп тілегенде,Алла Тағала: «Бұл Қадір түнінде тасбих айтқан адам үшін»,-деп үн қатты. «Жаратқан Ием, разылығыңды қалаймын»,-деп айтқанында«Менің разылығым Қадір түні екі рәкәт намаз оқыған адам үшін»,-деп жауап берді- делінген.
Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын:.
«Кім де кім Қадір түні бір сағат немесе қойшы қойдың қарнын тойдырғанындай шамада намаз оқыса,Алла Тағалаға жыл бойы ораза ұстағанынан артық болады.Міне Пайғамбар етіп жіберген Аллаға ант етейін,Қадір түні Құраннан бір аят оқу басқа кезде Құранды толық хатым етіп оқығаннан жақсы»,-деді.
Міне, осындай,яғни аспаннан Қасиетті Құранның алғашқы аяттары түсіріле бастаған үлкен оқиғалы түн- Қадірлі Қадір түні.Бұл түн адам баласына қателікке бастайтын теріс жолдардан тиылып,Алланың тура және нұрлы жолына жүру мүмкіндігін берген.
Сондықтан әрдайым тәубе етіп,Аллаға истиғфар айтып,үмітімізді үзбей,жарылқау сұрап жүрсек,осы дүниенің өзінде- ақ Алла Тағала бізді өз нығметіне бөлеп,барлық қиыншылықтардан құтқарып,ризығын молайтады.
Бухаридің кітабында тәубенің берекесі жайлы Ислам данышпандары былай деген: «Кімде- кімге Алла төрт нәрсені нәсіп етсе,ол адам және төрт нәрседен құр қалмайды.
1.Аллаға жалбарынып дұға етуді нәсіп етсе,дұғасының қабыл болуы сөзсіз.Құран Кәрімде: «Маған дұға етіңдер ,тілектеріңе жауап беремін»,-делінген.(Ғафир сүресі, 60-аят)
2.Күнәсін кешіруін сұрайтын болса,Алла күмәнсіз кешіреді. Құран Кәрімде: «Расында Алла күнәларды кешіруші»,-деген. (Нұх сүресі, 10-аят)
3.Нығметке шүкір етсе,Алла Тағала нығметтерін арттыра түседі. Құран Кәрімде: «Егер шүкір етсеңдер,сендерге нығметімді көбейтіп беремін»,-деген. (Ибрахим сүресі, 7-аят)
4.Кімде- кім тәубе етсе,тәубесі қабыл болады. Құран Кәрімде: «Алла Тағала пенделерінің тәубесін қабыл етіп,күнәларын кешіреді»,-деген. (Шура сүресі, 25-аят)
Сүрінбейтін тұяқ,жаңылмайтын жақ жоқ,демекші.Тек Пайғамбарларды ғана Алла Тағала күнәлі істерден сақтаған.Сондықтан адам біліп білмей істеген күнәларын мойындап,сол үшін шынайы тәубе етуі парасаттылықтың белгісі.Егер пенденің істеген күнәсі көп болғанымен,бірақ ол тәубеге келіп,Истғфар айтып кешірім тілесе,Жаратқан Иеміз бәрін де кешіреді,бірақ қайта жасамау шартымен.
Пайғамбарымыздан (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) Әнәс (Алланың оған разы болсын) жеткізген мына хадиске: «Адам баласының әрбірі қателеседі,олардың ішіндегі ең жақсысы тәубе еткендері »,-деген.
Құран Кәрімде:«Ақырет(қиямет) азабы өте ауыр…Күдіксіз,тақуалар үшін Раббылары дайындаған(Нағим )жәнәтті бар »,-деген.(Қалам сүресі,33-34,аят).
Жүктеген парыздарын бұлжытпай орындап,харам істерден аулақ болып,тақуалық жолын ұстағандар үшін дайындаған нығметі барын білдіреді.Осы түні Жәбірейіл(А.С)періштелерді үмбетті аралауға жібергенде олар жұрттың тұрғанын,отырғанын бақылып,зікір-пікірлерін тыңдап,намаз оқығандардың сәлеміне жауап береді,олармен сәлемдеседі.Таң намазына дейін дұға жасағандардың қасында(Әмин) деп тұрады.Ол осы түннің қадірін біліп,бұл түнді ұйқысыз ғибадаттармен өткізген миллиондаған мұсылмандардың шын ықыластарын,ниеттерін байқап,тілек-дұғаларының қабыл болуына септіктерін тигізіп,қиямет қайымда Қадір түніндегі жасаған ғибадаттарымызға,құлшылықтарымызға куә болады.
Алла Тағала Құран Кәрімде: «Мейірім- Рахымды тақуалық еткендерге ,зекет бергендерге және аяттарымызға сенгендерге тез жазамын» деген (Ахраф сүресі 156)
Пайғамбарымыздан (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) Ибн Масғұд (Алланың оған разы болсын) жеткізген мына хадисте: «Дүниелеріңді зекетпен қорғандар,науқастарынды садақа берумен емдеңдер,бәле-жала толқынын дұға-тілетаен тойтарыңдар»,-деген.Жүрегіміз дүние-дәулетке байланбағаны ,алданбағаны дұрыс.Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) Абдулла Ибн Салам (Алланың оған разы болсын) жеткізген мына хадисте: «Ей, Адамдар!Сәлемдессеңдер,ас берсеңдер,туысқандарыңмен жақсы қарым -қатынаста болсаңдар және адамдар шырт ұйқыда жатқанда тұрып намаз оқысаңдар жәннәтқа есен-аман кіресіңдер»,-деген.Мың айдан артық сауаптар мен жақсылықтарға толы қасиетті түнді Алла Разылығы үшін сауапты істер атқарып қана қоймай,тәубе етумен,намаз оқумен,дұға жасаумен истиғфар айтумен,Құран оқумен-Жаратушы Иемізден тілек тілеп өткізгеніміз абзал.
Алла Тағала тілеген тілегімізді қабыл етіп,Ел қамында жүрген асыл азаматтарымыздың тірліктерін баянды етуін және әрбір шаңыраққа отбасы берекесін берік еткей!
Шымкент қаласы, Темірші ата мешітінің имамы Қалшабеков Ербол Тастанбекұлы