ҚАЙРАТ СҮЛЕЙМЕНОВ, ШЫМКЕНТ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ: ЖҰЛДЫЗДАҒЫ ЖОЛ МӘСЕЛЕСІ ЖІТІ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ

Шымкент қаласы Еңбекші ауданына қарасты «Жұлдыз» тұрғын алабындағы көлік жүретін асфальт жолдардың жағдайын жергілікті тұрғындар бірнеше уақыттан бері көтеріп келеді.

«Жұлдыз» тұрғын алабының төбе биі Гүлпарка Иргебай мен тұрғындардың айтулары бойынша, «Жұлдыз» тұрғын алабында автокөлік жүретін асфальт жолдар өте тар. Екі көлік қатар келсе, жолға симай, бірі екіншісіне жол беріп ізеттілік көрсетпесе, соңы жолға таласып, жанжалға ұласқан жағдайлар өте көп» — дейді.

Осы мәселені өткен жылдың желтоқсан айында Шымкент қаласы мәслихатының депутаты Кайрат Сүлейменов, Еңбекші ауданы әкімінің орынбасары Досалы Амангелдиев және «Жұлдыз» тұрғын алабының төбе биі Гүлпарка Иргебаймен бірге аралап, мұқият танысып шыққан болатын.

Кездесу барысында жергілікті тұрғындар мен «Жұлдыз» тұрғын алабының төбе биі Гүлпарка Иргебайдың көтерген мәселелерінен Шымкент қаласы мәслихатының депутаты Қайрат Сүлейменов хабардар екенін және аталған мәселені тиісті басқармаға жолдайтыны жөнінде айтып, бұл мәселені барынша бақылауына алып, оңды шешу мақсатында бар ықпалын салатынын жеткізген болатын.

Арада көп уақыт өтпей аталған мәселе оң шешімін тауып, «Жұлдыз» тұрғын алабындағы жолдарға жаңа асфальт төселді.

Қ.Сүлейменов, депутат: «Қалалық мәслихат депутаты ретінде тұрғын алабы жолының жаңаруына атсалысып, тұрғындардың қуанышын көріп отырмыз. Алайда, аталған жолдар жөнделіп жатқанымен олардың тарлығы сол қалпында қалып, кеңейтілмей жатқандығы жергілікті тұрғындармен қатар депутат ретінде мені де мазалап жатқандығын айтқым келеді. Егер екі көлік қатар келсе, көліктер  жолға симай тұрғындар әбігерге түсуде.

Аталған мәселені Шымкент қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы уақыт өткізбей әлі де ретке келтіреді деп ойлаймын».

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.