Қайрат Жолдыбайұлы, дінтанушы:… отбасы құндылықтарына шабуыл жасау- қазақтың болашағына балта шабу

Аяқ киімнің жұбы тең болғанымен бірдей емес. Оңын сол аяғыңа, солын оң аяғыңа кие аласың ба? Кие алмайсың. Күштеп кисең аяғынды ауыртып, екі басы екі бағытқа қарап тұрады. Бұлай ұзақ уақыт жүре де алмайсың. Әйелден еркек жасау да солай.

Әйел мен еркек тең бе? Тең! Бірақ бірдей емес.

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу үшін арнайы заң бар. Ал тұрмыстық зорлық-зомбылықты сылтауратып, “жатырым өзімдікі”, “ана болу міндет емес” секілді тексіздік пен арсыздықты насихаттау, ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан отбасы құндылықтарына шабуыл жасау, қазақтың болашағына балта шабу.

Қоғамымызда әйелін адам құрлы көрмейтін, болмашы нәрсеге бола көкала етіп сабайтын, кез-келген жағдайда әйелді кінәлі етіп шығаратын еркектер де, келінін күң секілді көретін енелер де бар. Оны жоққа шығара алмаймыз. Осындай надандықпен ағартушылық арқылы, заңның аясында күресуіміз керек. Бірақ бұлармен күресеміз деп, әйелге шексіз еркіндік беру, некесіз жыныстық қатынасты мәдениет, жезөкшелікті адал құқылы мамандық етуді сұрау адасу, қоғамды бұзу болмақ.

Abai.kz

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.