Қайта келмес балалық шақ

Эх, қайта оралмас балалық шағым — ай… Ұйқың қанбасада, қанша жерден ұйқың келіп тұрсада, соны ойынға айырбастап таң атпай тұрып, анаң берген бір кесе ыстық сүтті сіміре салып, далаға шығып достарыңды іздеп үйіне бару. Ойында ештеңе жоқ, ешнәрсемен шаруасы жоқ, ешнәрсеге бас ауыртпайтын, уайым – қайғысыз балалық шақ. Таңертең ерте тұрып ойын қуып үйден кетіп, кеш бата ойыннан шаршап келіп ес білмей ұйықтау. Келесі күн тағы да солай асыр салып еш қамсыз ойнау. Бірге доп теуіп, балшық құмнан үй салып, бірге қырылып, төбелесіп, қайтадан татуласатын достарым.  Кеш бата жолдастарыммен үй қасында отырып өтірік әңгіме айтып, не айтып отырғанымызды білмесекте, шынайы күле білу. Жазшықпай – ақ жиналып алып канал жағалап, жүзе алмайтын болсақ та, қанша мәрте суға батып кетіп жатсақ та, суға шомылып асыр салу. Айта берсең қызық көп.

 

Иулдашева Жасмина

Мектебі 21 Қожа Ахмет Яссауи Сыныбы: »11ә»

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.