ҚАЛА ӘКІМІ СИТУАЦИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҚЫЗМЕТ САПАСЫН АРТТЫРУДЫ ТАПСЫРДЫ

Қала әкімі М.Әйтеновтің қатысуымен өткен арнайы жиында ‘’i-shуmkent” ситуациялық орталығының жұмысын жақсарту тетіктері пысықталды. Орталық ашылғалы 530 431 арыз-шағым түскен. Соңғы кездері қоғамдық көліктердің жұмысына, жөндеу жұмыстарына қатысты жарықтың сөнуіне, судың тапшылығына байланысты арыздар жиілеген. Жиында азаматтар тарапынан түскен талап-тілектерді орындауда туындаған өзекті мәселелер талқыланып, шешу жолдары қарастырылды. 24/7 тәртібінде жұмыс істейтін орталыққа халық бірыңғай 109 нөмірі және арнайы әлеуметтік желілер арқылы хабарласа  алады. Бүгінде орталық мамандары біліктілікті арттыру мақсатында арнайы курстардан өтуде.

М.Дүйсенбекұлы жауаптыларға әрбір арыз-шағымға толық, сапалы жауап беріп, тиісті шаралардың қолданылуын бақылауға алуды тапсырды.  Сондай-ақ әлеуметтік желілерде белсенділікті арттырып, халықпен кері байланысты күшейту қажеттігін ескертті.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.