ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ БАҚ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Бүгін қаладағы жол құрылысына қатысты қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов бұқаралық ақпарат құралдарымен баспасөз-брифингін өткізді.

Тұрғындар арасында Қонаев-Рысқұлов жолайрығы мен А-2 тас жолы құрылысы және әуежай маңындағы жаяу жүргіншілер жолы,  веложолақ сапасына қатысты видеолар мен пікірлер тараған болатын.

Осыған байланысты Мақсұт Пернебайұлы:

— Қонаев даңғылы бойынша жерасты жаяу жүргіншілер өткелін абаттандыру жұмыстары, сонымен қатар жаңбыр және қар суларын бағыттайтын суағар жүйелерін орнату толығымен аяқталған жоқ. Қазіргі уақытта жер асты өткелінде жиналған су сорылып, қалыпқа келтірілді. Ал асфальт төсеу жұмыстары мердігер мекеме қаражаты есебінен жасалатын болады. Айта кетейік, құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан «Базис-К» ЖШС-нен Қонаев-Рысқұлов көшелері қиылысындағы жолайрық әлі қабылданған жоқ. Маусым айының соңына дейін көрсетілген кемшіліктер жойылып, құрылыс жұмыстары аяқталатын болады.

— Ал 4,5 шқ аэропорт веложолындағы 0,6шқ жолдың отырулары тікелей кәріз жүйесін жасаған мердігер «ЭнСаф» ЖШС тарапынан ретке келтірілетін болады. Себебі бұл мердігер мекеме кәріз жүйесін жүргізгенде лабораториялық сынамаларында жол салатын жер қабаты тығыздығы сай екені анықталған. Осы көрсеткіштер негізінде «Корпарация Береке» ЖШС жол құрылысын жүргізген» -деп атап өтті.

Жалпы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан биылғы жылы 141 нысанға құрылыс, жөндеу жұмыстарын атқару жоспарланып отыр:

құрылыс және қайта жаңарту – 19 нысан (51,5 шқ), орташа жөндеу – 121 нысан (223,8 шқ, 291 көше), күрделі жөндеу – 1 нысан (19,3 шқ).

Сонымен қатар, 150 орынға аялдама орнату және аудан әкімшілігі тарапынан бекітілген көшелерге шағал тас төсеу жоспарлануда.

Өткен жылдың  нәтижесі бойынша қаламыздағы асфальт жолдардың үлесі 63,6% жеткен. Асфальт жол үлесін 2022 жылы 67,4%, 2023 жылы 71,2%, 2024 жылы 75%, 2025 жылы 79% жеткізу жоспарланған.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.