ҚАРАСУ ШАҒЫН АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты, Nur Otan партиясы фракциясының мүшесі Берік Айдарбекұлы Бекжанов «Қарасу» шағын ауданы тұрғындарымен, соның ішінде көпбалалы аналар,аз қамтылған отбасылар, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар және ерекше қажеттілігі бар азаматтармен кездесу өткізді.
Кездесуге Әл-Фараби ауданы әкімінің орынбасары Алдияр Жорабекұлы Мұсабаев, Шымкент қалалық мәслиихат депутаты,фракция мүшесі Төрайым Жолдыбайқызы Султанова, Шымкент қалалық мәслиихат депутаты,фракция мүшесі Наргиза Абайдуллақызы Керимбаева «Nur Otan» партиясы Әл-Фараби аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Арай Пердашұлы Есенбек қатысты.
Қарасу шағын ауданы бойынша ағымдағы жылы №23, №40, №59-60 көпқабатты тұрғын үйдің ауласына балалар ойын алаңшасын орнатылатын болады. Жылу жүйесі бойынша көпқабатты тұрғын үйлер орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған. Тұрмыстық қатты қалдық алаңшалары бойынша контейнердегі қоқыстарды тазалау бойынша «ШымкентСпецКомплекс» ЖШС айналысып жатқандығы туралы ҚР Парламент мәжілісінің депутаты Берік Бекжанов, Әл-Фараби ауданы әкімінің орынбасары Алдияр Мұсабаев кездесу барысында тұрғындарға атқарылып келе жатқан жұмыстарды түсіндіріп көрсетті.
Жалпы Қарасу шағын ауданы бойынша мәлімет:
1.Жер көлемі-37,7га
2. Аула саны – 28
3. Балалар ойын алаңшасы -25
4. Тұрғындар саны- 3240
5. Тұрғын үй саны-52
6. Жеке сектор- 1295
7. Бала-бақша – 2
8. Мектеп-2
9. Спорт алаңша-3.
Тұрғындар тарапынан келіп түскен ұсыныстар жазбаша түрде түзіліп, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты, фракция мүшесі Б.Бекжановқа берілді.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.