ҚАРАТАУ: ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙДЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Қаратау ауданының әкімі Рақымберді Мүлкеманов аудандық Төтенше жағдайлар басқармасының жұмысымен танысты. Кездесу барысында аудандық Төтенше жағдайлар басқармасының басшысы Е.Тасқараев жұмыс барысында тұрақты қолданылатын арнайы техникалардың дайындығын көрсетті. Бұл туралы Қаратау ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Аудан әкімі жаз маусымында өзен-көлдерде орын алатын төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында жұмысты пысықтауды тапсырды. Е.Тасқараев құзырлы мекемелермен бірге қаратаулықтарға түсіндіру жұмысы жүргізіліп, арнайы қадамдық бағыттар көрсетілген нұсқаулықтар таратылғанын мәлімдеді. Сонымен қатар, ауданға қарасты дала алқаптарындағы өрттің алдын алу жұмысының барысы тексерілді.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.