«ҚАРЫЗСЫЗ ҚОҒАМ» ЖОБАСЫ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалында «Қарызсыз қоғам» жобасы өтті. Жобаның негізгі мақсаты – жеке тұлғалар арасында проблемалық берешегі бар адамдардың қаржылық сауатын арттыру.
Өздеріңіз білетіндей, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында азаматтардың қаржылық сауатын арттырудың маңызын тілге тиек етіп, биылдан бастап «Қарызсыз қоғам» жобасын іске қосқан болатын. Бүгінде осы жоба асында 50 мыңнан астам отандасымыз қаржатын тиімді басқаруды және шығындарды оңтайландыруды үйренді.
Мәселен, несиені қай банкте рәсімдегені немесе несие шартының түпнұсқасы қайда жатқаны көп адамның есінде жоқ. Жобаның кеңесшілері азаматтарға банктер мен шағын қаржы ұйымдары алдындағы мерзімі өткен берешектерді реттеу бойынша кеңес береді, әрі қарай бизнесті жоспарлауға және жұмысқа орналасуға көмектеседі.
Көшбасшы партияға аталмыш жоба бойынша кеңес алуға келушілердің қарасы көп. Қала тұрғындарына Шымкент қаласы бойынша кірістер департаменті, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Шымкент қаласындағы өңірлік өкілдер басқармасының мамандары , жеке сот орындаушылар қаржылық сауалдар бойынша жауап берді. Келушелір шағын бизнесін банкрот деп тану, жаңа кәсіп бастағысы келген азаматтар, несие тарихы бұзылған азаматтар тиісті кеңес алды. Алдағы уақытта аталмыш жоба аясында тұрақты түрде кеңес әрі арнайы дәріс ұйымдастырылады.