КӘСІПКЕРЛІК САЛАСЫНДА АДАЛ БИЗНЕСТІ ЫНТАЛАНДЫРУ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕ

Мемлекет басшысымен қабылданған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын мақсатты топтар арасында түсіндіру жұмыстары облыс аумағында тұрақты негізде жалғасын табуда.

Атап айтсақ, бүгін Кентау қаласында болған заң ғылымдарының магистрі, қоғам өкілі Нұржахан Ермағамбетқызы қаладағы кәсіпкерлермен жүздесіп, 5 жыл уақыт мерзімінде сапалы жүзеге асырылу жүктелген Тұжырымдамадағы қағидалар мен тәсілдерді жиынға қатысушылар назарына ұсынды.

Сондай-ақ, кәсіпкерлерді сыбайлас жемқорлықтан қорғау — мемлекет саясатында айрықша көзделгенін жеткізіп, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшырасқан жағдай да, Агенттіктің жедел желісі 1424 сенім телефонына қоңырау шалу қажеттігін атап өтті.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.