Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысында болды

Өңірдің ардагерлері, зиялы қауым, азаматтық қоғам және жастар өкілдері қатысқан жиында ел Президенті облыстың экономикалық мүмкіндіктерін атап өтіп, түйіні тарқатылмаған бірқатар мәселеге назар аудара келіп:
«Облыс­тағы орташа жалақы мөлшері – 112 мың теңге. Бұл – елдегі ең төмен көрсеткіштің бірі. 1 маусымнан бастап табысы төмен бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысы өсті. Өңір кәсіп­орындары бұл бастамадан шет қалмауы тиіс. Барлық дең­гейдегі әкімдердің басты міндеті жаңа жұмыс орындарын ашып, халықты қызметпен қамту екенін ескертемін. Жұмыс орын­дарын ашуда бизнестің рөлі жоғары. Сондықтан, жергілікті кәсіп­керлерді қолдауды жалғастыру қажет»,-деді.
Мемлекет басшысы өңірдің ауыл шаруашылығы саласындағы еңбек өнімділігінің төмен екенін­дігіне тоқтала келіп:
«Жергілікті әкім­дік агросектор сала­сының маман­­дарымен тығыз жұмыс істеуі қаж­ет. Облыста қант қызылшасы, жеміс және көкөніс дақылдарының көле­мін көбей­туге мүмкіндік бар. Үкімет келесі жылдан бас­тап шетел­ден әкелінетін шикі құрақ қан­тына импорттық баж салығын салу туралы шешім қабыл­дады. Осыған орай, облыс әкіміне қант қызылшасы мен жеміс-көкөніс дақылдарының егіс көлемін ұлғайтып, өңдеу кәсіпорындарының қуатын арт­тыруды тапсырамын»,-деді.
Қасым-Жомарт Тоқаев сыбай­лас жем­­қорлық мәселесіне де тоқталып:
– Жемқорлықты түбегейлі жойғанша күресеміз. Әкімдерге ерекше жауапкершілік жүктеледі. Ел экономикасының дамуы және халықтың әл-ауқатының артуы осыған тікелей байланысты. Жем­қорлықпен күрес – менің Прези­дент ретінде негізгі мақсат­тарымның бірі. Бұл іске аймақ өкіл­дері белсене араласуы керек, -деді.
Қасым-Жомарт Тоқаев аудан­дық, ауылдық елді мекен­дердегі жолдарды жақсартуды, білім беру нысандарын көптеп салуды, сол арқылы үш ауысымды және апатты жағдайдағы мектептер мәселесін реттеуді тапсырды. Сонымен қатар, Мемлекет бас­шысы жастарға әрқашан қолдау көрсетілетінін және білікті мамандардың шығармашылықта, қызметтік сатыда өсуі үшін кедергі болмауы керектігін айтты.
Құқық қорғау органдарының жұмысын күшейту қажеттігін ескер­тіп, өңірдегі мал ұрлығы мен есірт­кі саудасына тосқауыл қою керектігіне тоқталғанда:
«Адал еңбек етіп, күнін көріп отырған малшыларды қорғауымыз қажет. Заңды қатайтып, қылмыс­кер­лерді сыбайластарымен қосып, қатаң жазалау керек. Сондықтан, әкім­діктер мен жергілікті полиция барым­таға қарсы шұғыл шаралар қабыл­дауы тиіс. Қылмыстық кодекс­ке тиісті өзгертулер енгізу қажет. Есірткі қылмысының ушығуы – бүкіл қоғамды алаңдатқан өзекті мәселенің бірі. Өкінішке қарай, қазіргі озық технология дамыған заманда «есірткі бизнесінің» дәурені жүріп тұр. Бұл, ең алды­мен, жастардың санасын және денсаулығын улайтын кесел. Мұны тоқтату қажет!»-деді Мемлекет басшысы.

«Ақорда»

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.