«Қауіпсіз жол»: Шымкентте бір күнде мыңнан астам құқық бұзушылық анықталды
Шымкент қаласы аумағында жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзушылықтардың жолын кесу мақсатында 19-сәуірден бастап “Қауіпсіз жол” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шараның бір күнінде жол қозғалысы ережесін бұзудың 1187 жайты тіркелді. Атап айтқанда: тиісті рұқсатынсыз қайта жабдықталған көлік құралын басқарған – 2 (ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 7-бөлігі), ұялы телефон пайдаланған – 155 (ҚР ӘҚБтК-нің 591-бабы), қауіпсіздік белдігін тақпаған – 113 (ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабы 1-бөлігі) тұлғаға хаттама толтырылды.
Сонымен қатар қозғалыстың қарсы жолағына шыққан – 2 (ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабы 3-бөлігі), басып озу немесе маневр жасау тәртібін бұзған — 27 (ҚР ӘҚБтК-нің 595-бабы), бағдаршамның тыйым салу сигналына өткен – 35 (ҚР ӘҚБтК-нің 599-бабы), жаяу жүргіншіге басымдық бермеген – 24 (ҚР ӘҚБтК-нің 600-бабы), авариялық жағдай туындатқан – 1 (ҚР ӘҚБтК-нің 606-бабы), көлік құралын басқару құқығы жоқ адамның басқарған – 4 (ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы 1-бөлігі) жүргізуші анықталған.
Ал 13 автокөлік айыптұрағына қойылып, 12 автокөліктің қозғалысын шектеу мақсатында мемлекеттік тіркеу нөмір белгілері алынды.
Бұдан өзге, «Сергек» камералары арқылы жол қозғалысы ережесін бұзудың 1450 дерегі анықталды. Оның ішінде 1174 тұлғаға белгіленген жылдамдықты арттырғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 592-бабымен (Белгiленген жүру жылдамдығын арттыру) әкімшілік хаттама толтырылған.
Айта кететін ақпарат, осындай жедел-профилактикалық шаралар жол-көлік оқиғаларының санын азайтып, алдын алуға септігін тигізеді. Тәртіп сақшылары жол қозғалысының барлық қатысушыларынан жол жүру ережелерін қатаң сақтауды сұрайды.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі