Қаза тапқан ағайындарын еске алды

Шымкентте Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылуының 34 жылдығына арналған еске алу митингі өтті

 

Қалыптасқан дәстүр бойынша, бұл күні мемориалдың жанында гарнизонның әскери қызметшілері, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, сондай-ақ Ауған соғысы ардагерлерінің өздері қаза тапқан жауынгерлер ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, өздерінің жауынгерлік жолдастарын еске алды.

Сергали Рысбеков, “Ауғанстан соғысының ардагерлері мен мүгедектер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің қала бойынша төрағасы жиналғандарға арнаған сөзінде дәл 34 жыл бұрын біздің соңғы әскери қызметшіміз екі елдің шекарасын Достық көпірі арқылы кесіп өткенін атап өтті. Бұл қадам ұзақ және қанды соғыстың аяқталуын белгіледі.

— Бүгін ауған жерінде интернационалдық борышын өтеген жауынгер бауырларымызды еске алу күні, — деп қосты Сергали Рысбеков.

Ауған соғысына 20 мыңнан астам қазақстандық қатысты. Олардың 924 қайтыс болды, тағы 20-жуығы осы күнге дейін жоғалған адамдар тізімінде. Тек Шымкентте Ауған соғысының 700-жуық ардагері бар.

 

Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.