Қазақстанда жаңа iPhone сатылымға қашан шығады және бағасы қанша болуы мүмкін?

Қазақстанда Apple өнімдері — iPhone 8, 8 Plus және X смартфондарының ресми сатылымы шамамен қазан айының екінші жартысынан басталады, деп хабарлайды, жекеменшік сатушылардан жаңа смартфондардың бағасы шамамен қанша болатынын сұрап көрген  Tengrinews.kz  тілшісі.
Ірі сауда орталықтарындағы бірнеше сатушы iPhone 8 смартфондарын 500-600 мың теңге сататындарын айтады. Ал iPhone 8 Plus-тың бағасы 100 мың теңгеге қымбат болады делінеді. Сонымен қатар, сатушылар ресми сауда орталықтарында сатылымға шығатын смартфондардың бағасы қымбатырақ болатынын айтып өтті. «Жаңа iPhone 8 смартфондарын 23 қыркүйектен бастап менен сатып алуларыңызға болады. Бағасы — 1 100 доллар. Ал Iphone+ сатылымға кейінірек шығады. Оның бағасы шамамен 1 500 доллар болады», — дейді сатушылардың бірі. Сондай-ақ, жаңа гаджеттерді АҚШ-тан сатып алмайтынын айтты. «Бізде де өзіміздің жеткізушілеріміз бар», — деп түсіндірді ол. Дегенмен де телефон сатушылардың басым бөлігі Apple смартфондарының бағасы шамамен қанша болуы мүмкін екенін айта алмады. Айта кетейік, Apple корпорациясының ресми сайтындағы мәліметтерге қарағанда, Ресей бойынша Iphone X бағасы 79 990 pyбльден, Iphone 8 — 56 990 pyбльден бастап, ал Iphone 8 Plus 64 990 pyбльден бастап сатылады. Еске сала кетейік, осыған дейін Apple корпорациясы iPhone 8, 8 Plus және X смартфондарын таныстырған болатын. Алғашқы екі құрылғының iPhone 7-ден айырмашылығы көп емес — жаңа «темір», шыны корпус және сымсыз қуаттағышы бар. Жаңа iPhone-мен қатар, LTE-модулі бар Apple Watch жаңа сағаты, 4К және HDR фроматында видео көрсете алатын Apple TV таныстырылған.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.