Қазақстандағы бай өмірдің құны қанша?

Forbes Kazakhstan журналы бүгінде қазақстандық миллионерлердің «тұтынушылық кәрзеңкесі» қанша тұратынын есептеп шығарыпты. Көрсетілген цифрларға қарағанда, халқымыз соншалықты кедей емес сияқты…

Автокөліктер
Ең көп сұранысқа ие қымбат автокөліктер:
Rolls-Royce Phantom – 290 млн.
Bentley – Mulsanne 6.75 AT EWB – 150 млн.
Ең көп мінілетін автокөліктер:
Continental GT – 80 млн.
Lamborghini Huracаn – 136 млн.
Ferrari Portofino – 115 млн.
Mercedes-Maybach S500 – 53 млн.
Maserati Quattroporte S – 44 млн.
Tesla Model X – 42 млн.
Jaguar XJ – 36 млн.
Aston Martin Vanquish – 35 млн.
BMW 7 – 55 млн. теңге
Джеттер
Жалдау ақысы кеменің түріне байланысты:
Жеңіл суперджетте бір ұшу – 1,5 млн. теңгеден жоғары
Орта және алыс магистралды джетте – 2,5 млн-нан жоғары
VIP санатты кеме – 3 млн-нан жоғары
Ең жиі қолданылатын бағыттар:
Алматы-Астана – 5-8 млн. теңге
Алматы-Дубай – 20-25 млн. теңге
Ұшақ сатып алу құны:
Cessna Citation M2 – 1,7 млрд. теңге
Learjet 75 – 4,5 млрд.
Gulfstream G650 – 21,7 млрд.
Bombardier Global 6000 – 20,5 млрд. теңге.

Курорттық демалыс
Шымбұлақ: маусымдық абонемент – 290 мың теңге, нұсқаушы – 9 мың, суперлюкс бір түнге – 136 мың, мейрамханадағы түстік ас – 15 мың.
Oi Qaragai: бір апталық абонемент – 160 мың теңге, нұсқаушы – 7 мың, коттедж тәулігіне – 319 мың, мейрамханадағы түстік ас – 15 мың.
Бурабай: президенттік люкс – бір түнге 118 мың теңге.
Капланкая, Турция (Эгей теңізі): жеке вилла, ойын-сауықтың барлық түрі – тәулігіне 1 млн. теңге.

Бар
Moet & Chandon Imperial ақ шампан шарабы – 30 мың.
Brandy de Jerez Cardenal Mendoza Solera Gran Reserva – 35 мың.
Feudi di San Gregorio Serpico 2010 қызыл шарабы – 76 мың.
XO Daniel Bouju коньягы – 80 мың.
18 жылдық Glendronach Allardice вискиі – 85 мың теңге.

Балаларға білім беру
Алматыдағы Kazakhstan International School – айына 650,5 мың теңге.
Астанадағы QSI халықаралық мектебі – 961 мың теңге.
Haileybury Almaty – 809,5 мың теңге.
Haileybury Astana – 809,5 мың теңге.

Спорт
«Нұртау», «Ариал», «Жайлау» гольф-клубтарындағы бір жылдық мүшелік – 1 млн. теңге шамасында.

Мейрамхана
Parmigiano-дағы екі адамдық кешкі ас – 440 мың теңге.
Villa dei Fiori – 335 мың теңге.
Seven Bar & Restaurant (Ritz-Carlton, Almaty) – 305 мың теңге.
Dom Perignon, Rose Vintage 2005 Brut – 305 мың теңге.
Amarone della Valpolicella, 2003 – 440 мың теңге.

Гардероб
Versace Vintage ерлердің қосарлы костюмі – 300 мың теңге.
Silvano Sassetti бәтіңкесі – 180 мың.
Ulysse Nardin Marine Chronometer сағаты – 1,4 млн.
Roberto Cavalli әйелдер қара костюмі – 1,1 млн. теңге.
Marni классикалық туфлиі – 388 мың теңге.
Fabiana Filippi сөмкесі – 360 мың теңге.

Баспана
Мирас ш/а, 420 м2, 6 бөлме – 1,2 млрд. теңге;
Esentai Apartments, 227 м2, 4 бөлме – 300 млн. тенге.
Алматыдағы ең қымбат үйлер тау етегінде, Мираста және Royal Tulip қонақүйінен жоғары. Жақында ондағы үйлердің бірі 20 млн. АҚШ долларына сатылған.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.