Кереғар ағыммен күреске пәрмендiлiк керек

Жуырда Ордабасы аудандық мәдениет үйінде «Орта білім беру мекемелеріндегі зайырлылық қағидалары» тақырыбында семинар-кеңес өткізілді. Кеңесте алғашқы сөз алған Ордабасы ауданы білім бөлімінің басшысы Ш.Нұрабаева күн тәртібіндегі өзекті мәселе төңірегінде сөз өрбітті. Облыстық білім басқармасының тәрбие қосымша білім беру және өзін-өзі тану бөлімінің қызметкері Қайрат Арап, облыстық дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» МКМ-нің директоры А.Ноғаев және Ордабасы аудандық білім бөлімінің әдіскері Ұ.Құралбекқызы күн тәртібіндегі мәселелерге орай ой-толғамдарын ортаға салды. Сонымен қатар, «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» МКМ-нің бөлім басшысы Д.Оспанов ҚР заңнамаларын, дін қағидаларын, қоғамдағы әр алуан пікірлерді саралап, кең ауқымда түсінік беріп өтті. Семинар-кеңестің барысында жиналғандардың көкейтесті ойларын ортаға салып, талқылау жүргізулеріне мүмкіндік жасалынды. Кеңеске қатысушылардың сұрақтарына дәлел-дәйектермен негізді жауаптар берілді.

Ауданның әлеуметтік-психологиялық сүйемелдеу қызметі секторы аймақтағы жұртшылықпен жұмыс жүргізуде ел ішінде бой көрсетіп жүрген кереғар ағымдармен күресуді басты назарда ұстап келеді. Аудандағы Қараспан ауыл округінің Қ.Сәтбаев және Жамбыл жалпы орта мектептерінің ұжымымен экстремизм мен терроризмнің, кереғар діни ағымдар мен секталардың іс-әрекетінің алдын-алу мәселелері бойынша кездесу іс-шарасын өткізді. Діни тұрақтылық пен конфессияаралық келісімді қамтамасыз етуді ұстанған әлеуметтік-психологиялық сүйемелдеу қызметі секторы «Арам пиғылды ағымдардың құрығынан сақ бол!» «Дін және конфессия кеңістігі» тақырыптарында ақпараттық түсіндіруді мазмұнды да, әсерлі етіп өткізе білді. Кездесуге келгендердің өзіндік ой-пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салып, пікірталас жасауларына мүмкіндік берілді. Сондай-ақ, жиынға қатысушылардың көкейтесті сауалдарына да тұщымды жауаптар берілді.

 

«Қазақстан жолы» газеті, №32 (677) 29.08.2018 жыл.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.