КЕЗЕКТЕН ТЫС ҚҰРЫЛТАЙДАН

Съезде партияны жаңғырту бойынша, бұдан былай 7 басымдық үстем болады. Солардың бірі — халықпен кері байланыс жасау құралдарының тиімділігін арттыру бойынша Қоғамдық кеңестердің құрылымы қайта жасақталып, саны оңтайландырылады, яғни аймақтық қоғамдық кеңестер саны 12-ден 8-ге дейін қысқарады.

Сондай-ақ, партиялық бақылауды күшейту мақсатында мәслихаттағы фракция отырыстарында әкімдердің есебі тыңдалатын болады. Ал, Жол картасының бөлімдерін партия бюросының мүшелеріне, ал индикаторларын – партия саяси кеңесінің мүшелеріне бекітіледі.

Сонымен қатар, партия Төрағасы елімізді одан әрі жаңғырту үшін партияластарынан тың ұсыныстар күтетінін атап өтті. Сондықтан жалпыұлттық өзекті мәселелер күн тәртібін әзірлеу үшін Қазақстанның әрбір азаматынан тың идеялар мен ұсыныстар жинау жөнінде республикалық акция ұйымдастыруды ұсынды. Мемлекет басшысы партияластардың ішінен сенімді адамдарды іріктеп, оларды ілгерілету ісін жалғастыру керек деді.

Бұдан былай, әлеуметтік желілер мен қала алаңдарындағы қоғамдық талқылаулар мәслихаттарда өткізілетін болады. Фракциялар депутаттық сауалдармен шектеліп қалмай, қоғамдық талқылаулар мен ашық пікір-сайыстарға баратын болады. Қажет болған жағдайда, әкімдерге сенім мәселесі көтерілетін болады. Барлық деңгейдегі партия депутаттарының рейтингі алдын ала дайындалған есептерге емес, нақты істер мен азаматтардың мәселелерін шешуге негізделуі керек – деді Мемлекет басшысы.

Серкебаев Есенбек Салдарбекұлы
«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы «Ұлт денсаулығы мәселелері жөніндегі» Қоғамдық кеңес төрағасы.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.