КОНФЕРЕНЦИЯ АРХИВ САЛАСЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІНЕ АРНАЛДЫ

Бүгін Шымкент қаласындағы Әл-Фараби кітапханасында «Шетел архиві деректеріндегі Қазақстан тарихы: мәселе және жобалар» атты республикалық ғылыми тәжірибелік конференция өтті.

Аталған конференция архившілер күні мерекесіне орай ұйымдастырылған. Іс-шараны Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы Бауыржан Орынтаев ашып, жүргізіп отырды. Жиында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Архив істері және құжаттаманы басқару комитетінің төрағасы Қуат Бораш сөз сөйлеп, жиынға қатысушыларды кәсіби мерекесімен құттықтады.

—Архив саласындағы өзекті мәселенің бірі ретінде қолданыстағы ғимараттардың құжаттарға толып келе жатқанын айтуға болады. Осыны ескере отырып, комитет бүгінде 200 мың, 500 мың және 1 миллион құжатқа арналған архив ғимараттарының типтік жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеп жатыр. Дайын болған кезде өңірлердің әкімдіктеріне ұсынамыз. Осыны пайдалана отырып типтік үлгідегі архив ғимараттары салынса, өзекті мәселе шешімін табады, — дейді Қуат Қаһарманұлы.

Айта кетейік, конференцияға мәдениет және спорт, ақпарат және қоғамдық даму министрліктерінің өкілдері, Шымкент қаласы және еліміздің өзге өңірлерінің архив саласы қызметкерлері қатысты.

«Шымкент келбеті»,
Фото: Серік ҚОСАЕВ.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.